Ауыл әкімдерінің сайлауында, «Nur Otan» партиясының кандидаттары және өзін-өзі ұсынушы партия мүшелерінің 86%-дан астамы жеңіске жетті. Мұндай ақпаратты Аумақтық сайлау комиссиялары келтірді. Ресми дерекке сүйенсек, жетекші партиядан сынға түскен 627 кандидат әкім болып сайланды. Оның ішінде 65-і өзін-өзі ұсынған нұротандықтар.
ӘКІМ САЙЛАУЫНДАҒЫ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮЛЕСІ:
ПАРТИЯ ҚАТАРЫНАН САЙЛАНДЫ – 627 ӘКІМ
ӨЗІН-ӨЗІ ҰСЫНҒАН – 65 ӘКІМ
Үгіт-насихат кезеңінде үміткерлер 1,2 млн сайлаушыны қамтыған. 45 мыңнан астам кездесу мен іс-шара өткізілді. Олардың үштен бір бөлігі онлайн форматта болса, қалғандары санитарлық талаптарды сақтай отырып жүзеге асқан.
Жеңіске жеткен нұротандықтардың 35%-дан астамы – жаңа тұлғалар. Ал 65%-ы қызметтегі әкімдер. Кандидаттардың орташа жасы – 46 жасты құрады. Сайланғандар қатарында әйелдер мен жастардың да үлесі бар.
ӘКІМ САЙЛАУЫНДАҒЫ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮЛЕСІ:
ЖАҢА ТҰЛҒА - 35%
ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘКІМДЕР -65%
ӘЙЕЛДЕР – 11,5%
35 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ЖАСТАР – 14,2%
Сайлауда жеңіске жеткен үздіктер қатарында "Ауыл" партиясы мен "Адалдықтардың" да үлесі басым. Ал, көш соңында жалпыұлттық социал-демокртаиялық партиясынан сайланған кандидаттар қалып отыр.
САЙЛАУДАҒЫ ӨЗГЕ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ:
"АУЫЛ" ПАРТИЯСЫ – 33 АДАМ
"ADAL" ПАРТИЯСЫ – 15 АДАМ
"АҚ ЖОЛ" ПАРТИЯСЫ – 11 АДАМ
ҚХП – 10 АДАМ
ЖСДП – 1 АДАМ
ӨЗІН-ӨЗІ ҰСЫНҒАНДАР – 33 АДАМ
Ғ.Өтемісов