Өткен жылғы статистика бойынша елде адам саудасы фактісімен 258 іс тіркелген. Жәбірленушілердің басым бөлігі ер адамдар. Бұл туралы дағдарыс орталықтары одағының адам саудасына қарсы күрес туралы онлайн брифингінде айтты. Күдікті шақыртулар көп жағдайда Қытай, Корея, Түркия және Еуропа елдерінен түседі екен. Сарапшылардың бағамы бойынша әлемде екі жарым миллионға жуық адам, қазіргі заманғы құл алып сатушылардың қолында. Жыл сайын мыңдаған ер азаматтар, әйелдер мен балалар өз елдеріндегі және шет елдердегі адам саудалаушылардың қолына түседі. Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында, 30- шілде - бүкіләлемде адам саудасына қарсы күн болып бекітілді. Ал еліміз бойынша 116 16 сенім телефоны жұмысын бастады.
Шахноза ХАСАНОВА, "САНА СЕЗІМ" ӘЙЕЛДЕР БАСТАМАЛАРЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" ҚБ ДИРЕКТОРЫ:
Қазір республикалық жобаны іске асыру мақсатында, біздегі 11 қалада Үкіметтік емес ұйымдардың серіктестері жұмыс істейді. Олар адам саудасының құрбаны болғандарға көмектеседі. Статистикаға тоқталатын болсақ жыл сайын, мысалы 2019-2020-жылдар аралығында 258 адам адам саудасының құрбаны болып тіркелген. Оның оның 80 пайызы ер азаматтар. Демек адам саудасының құрбаны болатындардың дені ерлер.
А. Базарбай