Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Президент Б.Сапарбаевқа сөгіс жариялады

AstanaTV
03.08.2021ж. 20:00
1391
Президент Б.Сапарбаевқа сөгіс жариялады

Бүгін Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкіміне сөгіс жариялады. Бердібек Сапарбаев 2019 жылы Президент тапсырмасымен қызметтен босатылған шенеунікті жауапты қызметке тағайындаған. Тоқаев аймақ басшысына бұл кадрлық қателікті бір тәулік ішінде түзетуге тапсырма берді.  Іле-шала Бердібек Сапарбаев облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Досаевты қызметінен босатты.   Айта кетейік, ол 2019 жылдың қараша айында қала мектептерінің бірінде 12 жастағы қызды зорлау оқиғасына байланысты Тараз қаласының әкімі қызметінен босатылған. 

А. Данияр