Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылжарда жем-шөптің бағасы шарықтап тұр

AstanaTV
05.08.2021ж. 20:00
2482
Қызылжарда жем-шөптің бағасы шарықтап тұр

Қызылжарда жем-шөптің бағасы шарықтап кетті. Былтыр ауыл тұрғындары мал азығының бір тоннасын 10 мың теңгеден алса, биыл оның құны бірнеше есе қымбаттаған. Шаруалар қысқа қам жасау үшін    қомақты қаржы керек дейді.   

Наталья ФАБЕР, ПОКРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл малды ешкім алмайды. Себебі, өзіндік құны тым қымбатқа шығады. Мен оның жемін пісіріп бердім. Қаншама еңбегім зая кетті. Енді союға тура келеді. Біз шөпті сатып алуға мәжбүрмыз. Өзіміз қырда шауып алайын десек, техника жоқ. Оған кемінде 3 миллион теңге ақша керек.

Сергей ФАБЕР, ПОКРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Маған бір қысқа шөптің 200 теңі керек. Оның құны 2,5 миллион теңге. Бұл тиімсіз әрине. Жергілікті кәсіпкерлер шөпті оңтүстікке сатып жатқандарын айтты. Танап басынан бір теңді 12 мыңнан сатып жатыр.

Покровка ауылдық округінде мал азығын әзірлеумен 6 кәсіпкер айналысады. Олардың шөп бағасын қымбаттатып жібергенінен шенеуніктер бейхабар екенін жеткізді.  Жергілікті әкімдік кәсіпкерлерге теңдерді 5 мыңнан сатуды тапсырған екен. Бірақ екінші тарап биліктің сөзіне құлақ аспаған көрінеді.

Медет ОСПАНОВ, СҚО ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:


Бізде шөп 12 мыңнан сатылып жатқан жоқ. Кеше ғана мен Покровка ауылында болып, кәсіпкерлермен кездестім. Олар шөптің бір теңін 5-8 мыңнан сатып отыр. Біз ақылдаса келе, оның құнын 5 мыңға дейін төмендетуді жөн көрдік.


Тығырыққа тірелген халық амалсыздан  қолында бар түлігін    союды көздеп отыр.  Басқа жол жоқ. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы шөп дайындауға қатысты жедел штаб құрғандарын хабарлады.  Соның негізінде билік пен кәсіпкерлер арасында   бағаны тұрақтандыру жөнінде меморандумға қол қойылған. Бірақ бұл келісімнен де нәтиже шықпай тұр.  

А. Құрманкин