$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Оралдағы жолаушылар автобусының соқтығысуынан кейін қоғамдық ескі көліктер жаңасына ауыстырылуы мүмкін

AstanaTV
25.08.2017ж. 20:00
2405
Оралдағы жолаушылар автобусының соқтығысуынан кейін қоғамдық ескі көліктер жаңасына ауыстырылуы мүмкін

Оралда жолаушылар автобусының соқтығысуынан кейін қоғамдық ескі көліктер жаңасына ауыстырылуы мүмкін. Қала әкімі осындай тапсырма бергенін "Мой город" порталы хабалады. Автобустардың соқтығысуынан 58 адам зардап шеккен болатын. Қала басшысы Мұрат Мұқаев жергілікті жолаушылар тасымалдаушы комапания басшыларына барлық автобустарды күн сайын тексеріп, әр жүргізушіге медициналық тексеру жасап, қызметтік формаларын реттеуге тапсырма берген.

Алайда, бағасы қымбат автобус сатып алынса да, жолаушылардың қауіпсіздігіне кепіл жоқ. Жақында Астанада құны 300 мың евро тұратын "ИВЕКО" маркалы су жаңа автобус көшенің қақ ортасында бірнеше көлікті жаншып өткен болатын. Салдарынан бірнеше көлік жүргізуші зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Ал құзырлы органдар апаттың себебін хабарламады.

Диана САПАРҚЫЗЫ