$498.34 €519.72 ₽4.85
×

СҚО Бірлік ауылында үй жануарларын жаппай егу жұмыстары басталды

AstanaTV
09.08.2021ж. 20:00
1370
СҚО Бірлік ауылында үй жануарларын жаппай егу жұмыстары басталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Бірлік ауылында карантин жарияланды. Ветеринарлар құтырма дертіне қарсы төрт түлікті егу жұмыстарын бастап кетті. Биыл сәуір айында аталған елді-мекенге жабайы түлкі кіріп, бір сиырды тістеген.  Артынша ірі қарадан құтырма ауруы анықталған еді. Бүгінде ауылда малдың жағдайы жаман емес, дейді ветеринарлар. Дегенмен сақтық шараларын естен шығармаған сала мамандары, ауылдағы барлық жануарларға вакцина салуды жоспарлап отыр. Бұл мақсатқа, республикалық қордан 929 екпе бөлінген. Вакцина тек төрт түлікке ғана емес, ит-мысықтарға да салынбақшы. Алайда, карантин шараларын неге кеш қолға алғаны жөнінде, ветеринариялық инспекция: "әзір жауап беруге дайын емеспіз" дейді.

А. Құрманкин