Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Корей түбегінде болып жатқан дағдарыс салдары үлкен апатқа әкеп соғуы мүмкін - Қасым-Жомарт Тоқаев

AstanaTV
25.08.2017ж. 20:00
2917
Корей түбегінде болып жатқан дағдарыс салдары үлкен апатқа әкеп соғуы мүмкін - Қасым-Жомарт Тоқаев

Корей түбегінде болып жатқан дағдарыс тек бірқатар мемлекет үшін ғана емес, халықаралық қатынастың барлық жүйесіне зардабын тигізуі мүмкін. 62-ші Пагуош конференциясында Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді.

Ғылым мен ғаламдық проблемалар қозғалған іс-шараға Пагуош қозғалысының белсенділері мен ғалымдары жан-жақтан арнайы келген. Жиында сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі ядролық қауіпсіздіктің ахуалы айтарлықтай алаңдатып отырғанын айтты. Сондықтан ол әлемдік қауымдастықтың күшін біріктіріп, ядролық қаруды қолданбау жөніндегі режимді күшейтуге шақырды. Сенат төрағасының пікірінше, келісімге барлық мемлекет мүше болғаны дұрыс.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Ғаламдық ядролық қауіпсіздік жөніндегі мәселе, әсіресе Корей түбегінде болып жатқан дағдарыс айтарлықтай алаңдатушылық тудырады. Біз көріп отырған қарсыластық риторикасы мен салдарының соңы апатқа әкелуі мүмкін. Сондай-ақ халықаралық қатынастың барлық жүйесіне зардабын тигізеді. Біз қауіпсіз әлемді ядролық қоқан-лоқымен емес, халықаралық сенім арқылы орнатуымыз керек.