Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

ШҚО-да тұтанған өртпен құтқарушылар екі күннен бері алысуда

AstanaTV
10.08.2021ж. 20:00
1404
ШҚО-да тұтанған өртпен құтқарушылар екі күннен бері алысуда

Шығыс Қазақстан облысындағы ауқымды өртпен құтқарушылар екі күннен бері алысуда. Тілсіз жау Күршім ауданында 40 гектар аумақты шарпыған.
 
Мамандардың пайымынша, өрттің негізгі себебі отқа немқұрайлы қарау. Төтенше жағдай орнына ондаған өрт сөндірушілер мен арнайы техника жіберілді.  Сондай-ақ, орман шаруашылығы кәсіпорындарының қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар да ат салысқан. Біріккен күштің арқасында өрт ауыздықталған. Өрт сөндірушілер егін алқаптарын аман алып қалдық дейді.

Жадыра АМАНҒАЛИҚЫЗЫ, ШҚО ТЖД БАС МАМАНЫ:

Бүгінгі күні сағат таңертеңгі 9 кезінде өрт тежелді. Бұл жерде жалпы алғанда жеке құрамнан, жергілікті атқарушы органдардан, түрлі ұйымдардан 80 шақты адам және 10 бірлік техника жұмыс істеуде. Қазіргі кезде жұмыстар жалғасуда және бұл жұмыстар өрт толығымен сөндірілгенге дейін жалғасатын болады. Бұл жерлерге арнайы техниканың жүре алмауы және қатты соққан жел осы жағдайды ушықтырып тұр.

А. Базарбай