Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Кейбір қалалық мектептердегі білім деңгейі ауыл мектептерінен төмен

AstanaTV
11.08.2021ж. 20:00
1465
Кейбір қалалық мектептердегі білім деңгейі ауыл мектептерінен төмен

Қызылорда, Маңғыстау және Ақтөбе қалаларындағы мектептердің білім деңгейі, Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы ауыл мектептеріне қарағанда төмен. Бұл оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарламаның нәтижесі. «Nur Otan» партиясы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте осы мәселе талқыланды. Мәжілісмен Жұлдыз Сүлейменова бұл олқылықтарды жою үшін «BILIMDI ULT» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр, деді.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Жалпы, ауыл және қала мектептерінің арасындағы білім теңсіздігі мен білім мәселелеріне байланысты алшақтықты мейлінше азайту мәселесін қойдық. Аталған ұсыныстарымыздың барлығын Білім және ғылым министрлігі ескеретіндігін атап өтті. Бұдан бөлек, біздің сайлауалды бағдарламамыздың басым көп тармақтарының енгізілгендігі туралы есеп берді.

Ұлттық жобаға сайлау бағдарламасының 11 тармағы енгізілген. Атап айтқанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз ету деңгейін 95%-ға жеткізу қарастырылған. Сонымен бірге, мектептердің құрылысы "Nur Otan" партиясы мен Үкіметтің ерекше бақылауында. Соңғы 5 жылда республика бойынша 500 -ге жуық білім беру мекемелері салынды. 2025 жылға дейін оның санын 800-ге арттыру жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, кездесу барысында кемінде 500 қазақстандық ғалымды, шетелге тағылымдамадан өтуге жіберу мәселесін де талқылады.

А. Данияр