Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бұланды ауданында 105 отбасы баспаналы болды

AstanaTV
12.08.2021ж. 20:00
2133
Бұланды ауданында 105 отбасы баспаналы болды

Ақмола облысының Бұланды ауданы аумағында тарихи ескерткіш көп. Соның бірі -Тастыөзек ауылдық мәдениет үйі. Жарты ғасырдан астам тарихы бар мәдени ошақты қазір қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Әлішер КЕНЖЕҒАЛИЕВ, БҰЛАНДЫ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Тастыөзек ауылдық мәдениет үйі. Биылғы жылы аймақты дамыту бойынша облыс көлемінен 16 млн қарастырылып, конкурстың нәтижесінде Павлодар қаласы ЖШС "Эверест" 10 млн тенгемен конкурстың нәтижесімен жеңіске жетіп, жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Биыл сондай-ақ, Макинск қаласында да оң өзгеріс бар. Балаларға арналған ойын және алғаш рет воркаут алаңдары салынуда. Айта кетейік, биыл Макинскте 3 футбол алаңы,3 воркаут және 5 балалар ойын алаңы халық игілігіне берілмек.

Бағдат БАТТАЛОВ, "АКВАБИЛД" ЖШС ӨКІЛІ:

Маусымның бірінен бастап келдік осы жерге. Тамыз айының 20-на дейін осы істі бітіруге ат салысып жатырмыз. Мына жерді қарасаңыз бетоннан құйылған, үстінде резиновый тартан болады. Отыратын орындықтар, аяқпен итеретін, воркаут болады площадкада. Сондай жоба ғой. Сол 20-на дейін үлгеріп бітіреміз деген ойымыз бар.

Қаладағы тұрғын үй құрылысы да қарқынды. Жуырда пайдалануға берілетін мынау 5 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйді жұрт "Отбасы банкі" арқылы несиеге алуына болады.

Елка ЖАРЬЯ, БҰЛАНДЫ АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:


2019 жылдан бері негізі 5 үй салып бітірдік. Оның төртеуін пайдалануға бердік. Қазіргі таңда бір несиелік үй пайдалануға берілді. Бір несиелік үй аяқталу қарқынында. Бір үй салынып жатыр екі этажды.

Былтыр қалада екі жалдамалы үй салынып, пайдалануға берілген. 105 отбасы қоныс тойын тойлады.

Б. Сатуов