Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қытайдың Sinopharm вакцинасы Елордаға жеткізілді

AstanaTV
16.08.2021ж. 20:00
1866
Қытайдың Sinopharm вакцинасы Елордаға жеткізілді

Қытайдың Sinopharm компаниясының вакцинасы елордаға жеткізілді. Екпе Нұр-Сұлтандағы барлық емханалар мен сауда орындарындағы егу пунктеріне таратылған.  Бас қалада қытайлық екпенің 17 мың дозасы бар. Алдағы уақытта тағы да жеткізіледі дейді жауаптылар.
 
Әлия РҮСТЕМОВА, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгін бізге Sinopharm компаниясы өндірген қытайлық екпе жеткізілді.  Барлық емхана мен сауда орындарындағы екпе пунктеріне таратылды. Тамыз айының соңында тағы 90 мың доза әкелінеді деп күтілуде. Қалғаны жоспар бойынша жүргізіледі. Таңертеңнен бері қытайлық екпені 300 адам алып үлгерді.Бұл вакцинаның ешқандай кері асері жоқ. Вакцина әлемнің 45 елінде егде жастағы адамдар үшін қауіпсіз саналады.


Ал Алматы емханаларында да Қытайдың Vero Cell вакцинасы   қол жетімді. Мегополюске  екі күн бұрын    екпенің 10 мың дозасы алынған. Осы аптада тағы  қосымша 35 мың доза жеткізіледі.Еске салайық, Қытайлық Vero Cell вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биыл 7- мамырда мақұлдады.   Қазақстан бұл вакцинаның төрт миллион дозасын сатып алған.

Б. Сатуов