Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елордада аз қамтылған отбасы балаларына мектеп құралдары үлестірілді

AstanaTV
16.08.2021ж. 20:00
1311
Елордада аз қамтылған отбасы балаларына мектеп құралдары үлестірілді

Елордада республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға оқуға қажетті құрал жабдықтар үлестіріліп жатыр. Аз қамтылған отбасыларға мұндай көмек көрсетуді қала әкімшілігі дәстүрге айналдырған. Ұйымдастырушылар   акция қыркүйектің соңына дейін жалғасады дейді. Алматы ауданындағы 30-шы мектеп гимназия директорының айтуынша, 60-тан астам отбасыға көмек үлестірілген.  

Сәуле ӘЗІМХАНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. №30 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ:


Бұл бағдарлама шеңберінде жыл сайын мектеп оқушыларына көмек көрсетіледі. Арнайы база бар. Сол жерде тіркелген ата-аналардың тізімі бекітіледі. Бұдан бөлек, көмек қажет деп өтініш жазған кез келген азаматтың көңілін қалдырмауға тырысамыз. Балаларға сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалған.

Көпбалалы ана Найля Қайырғожина оқушылардың мектепке оралатынына қуанышты. Енді балалар алаңсыз сабағына көңіл бөле алады дейді ол. Ал, акция аясында берілген көмек, ата-аналардың ғана емес, балалардың   да көңілін марқайтқанын айтады.

Найля ҚАЙЫРҒОЖИНА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Мұндай көмекті биыл бірінші рет алып отырмын. Балам да, өзім де қатты қуанып қалдық. Аталмыш акция балалар арасында   теңсіздік болмауына   сеп болады деп ойлаймын. Демеушілерге алғысымды білдіремін.


Қайырымдылық акциясы қаланың басқа аудандарында да өтіп жатыр. Бір ғана Есіл ауданында 350-ден астам балаға көмек көрсету жоспарланған. Әкімшілік мамандары тізімдегі барлық отбасына құрал-жабдықтар кезең-кезеңімен үлестіріледі дейді.  

Ғ.Өтемісов