Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Сарыарқа ауданында 46 аула жаңартылады

AstanaTV
17.08.2021ж. 20:00
1314
Сарыарқа ауданында 46 аула жаңартылады

Елорданың Сарыарқа ауданында биыл 46 аула мен 3 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.  Жыл басынан бері 15 қоғамдық орын жаңғыртылып, жаңартылған.    Жоспарға сәйкес қалғандарының және  агро қалашықтың құрылыс жұмыстары қазір қарқынды жүріп жатыр.  Жергілікті билік өкілдері мұның бәрі  өскелең ұрпақ  игілігі үшін  дейді.

Берік ТӨРЕБЕКОВ, САРЫАРҚА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл аулалар мемлекеттік бағдарламалар арқылы тапсырылған үйлер болатын. Содан бастап осы аулаларды толыққанды абаттандыру  жұмыстары болмаған болатын. Қазір міне өздеріңіз көріп тұрғандай, толығымен абаттандыру  жұмыстары осы міне аулада бітті. Қосшығұлұлы 14 мекен-жайы бойынша және 187 көше бар аржағында.Енді қазір қарасаңыздар балаларға арналған ойын алаңы салынған. Тренажерлер салынған жәнеде кіші архитектуралық формалар салынып, балаларға ойнайтын сондай қолайлы жағдайлар жасалынған қазіргі таңда.

Жауаптылардың айтуынша, абаттандыру жұмыстары тұрғындардың талап-тілегі бойынша жүргізіледі. Яғни қаланың кез-келген тұрғыны үй ауласын жаңғыртуға ұсыныс беруіне  болады.  Заманауи,  әрі эстетикалық талғаммен жасалған саябақ, аулалар   тұрғындардың көңілінен шығады.  Жұмыстың сапасында   мін жоқ дейді.

Салтанат СӘРСЕНБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:


Жақында салынып бітті, біз осы домда тұрамыз мына жерде.Алдын бұл жерлерде бар еді детская площадка, бірақ қазір жақсы болып қалды. Балаларымыз ыңғайлы ойнайды, құлап қалса да жерде ыңғайлы. Барлық жағдай жасалған балаларға ойнауға.Осыны ұйымдастырып, осы жерді ойластырып салған адамдардың бәріне үлкен рахмет. Үлкен алғысымызды білдіреміз.Өзімізге де ыңғайлы. Кешкісін балдармен шығып, осы жерде серуендеп жүреміз.

Б. Сатуов