Көптен күткен қуаныш. Атырауда тұңғыш рет облысішілік пойыз қатынай бастады. Облыс орталығы мен Дина Нұрпейісова станциясы бағытындағы теміржол тасымалын Құрманғазы, Исатай ауданының тұрындары жылдар бойы сарыла күткен еді. Өйкені «Атырау-Астрахань» тас жолы бойында орналасқан ауылға бару үшін 300 шақырым шұрқ-тесік жолды еңсеру керек. Ол аумақта жиі жол апаты болып, адам өлімі жиілеген соң көпшілік оны «тозақ жолы» дейтін. Халықтың тілегі аймақ атқамінерлерінің құлағына жетті. 3 вагоннан тұратын пойыз енді күн сайын екі ортаға қатынайды. Фарида Сейсенғалиева – алғашқы жолаушылардың бірі. Туған жерге енді жиі келетін болдық, - дейді ол қуанып.
Фарида СЕЙСЕНҒАЛИЕВА, ЖОЛАУШЫ:
Мынау өте жақсы болды деп ойлаймын халыққа. Машинамен жүрген деген үлкен адамға оның үстіне кешке дейін 5 сағат бойына, кейде одан да көп те болып кетеді өте қиын нәрсе ғой. Қатты шаршайтынбыз. Пойызбен барсаң отырасың, тұрасың.
Үш вагонның екеуі- жалпы, біреуі -плацкарт. 200 орынға лайықталған. Алғашқы күн болса да, пойыз жолаушыларға лық толы. Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов оларға ақ жол, сәтті сапар тіледі.
Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Ауылдың тұрғындарына қалаға қатынау өздерінің қиындықтарын көріп отыр. Жол құрылысына байланысты. Ол жол кезеңімен салынып жатыр. Осының бәрін ескеріп, халықтың берген ұсынысы бойынша, есеп кезінде ескеріп, мәслихатпен қарап тиісті құжаттарды дайындап, бүгін өз нәтижесіне келіп жатыр.
Бұл жоба бес жылға жоспарланған. Облыс қазынасынан биылға бөлінгені - 114 млн теңге. Тендер жеңімпазы - маңғыстаулық «Otpan Logistic» компаниясы. Кәсіпорын басшысы халықтың сұранысына сай вагондарды көбейтеміз,- дейді.
Алтай БОРАШЕВ, «OTPAN LOGISTIC» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп, осындай әлеуметтік маңызы бар жаңадан маршруттар жіберіп жатырмыз. Атырау – Д.Нұрпейісова. Қазіргі таңда әзірге 3 вагон жіберіп жатырмыз. Бір- плацкарт, екі -жалпы вагон. Бір жылдың ішінде сол вагондарды ауыстырамыз жаңадан Ташкенттегі вагон зауытынан. Үш вагон осы жерге жібереміз.
Бұрын жолаушылар такси қызметі үшін 5 мың теңге жолақы төлейтін. Ал пойыз бағасы қолжетімді.
Б. Нәдірқызы