Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Шымкентте инфекциялық стационарда оттегі өшіріледі деген ақпарат қаншалықты рас?

Шымкентте инфекциялық стационарда оттегі өшіріледі деген ақпарат қаншалықты рас?

Шымкенттегі инфекциялық стационардың бірінен шу шықты. Бақилық болған науқастың бірі жазған хат әлеуметтік желіде жылдам тарады. Онда сырқат өзіне оттегі жетпей жатқанын жазыпты.  

«Маған кислород жетпей жатыр. Бесконца кислородты өшіріп жатыр. Мен өліп қалатын шығармын. Мені кислород бар жерге ауыстырыңдар. Басқа шыдай алатын емеспін»

Жазбамен бөліскен автордың білуінше бұл хатты науқас өз әйеліне жазған көрінеді. Бірақ көп ұзамай хат иесі бақилық болды деп жазылған желідегі жазбада. Марқұмның ет жақындары қазір осы жазбаға сүйеніп шу шығаруда.  Алайда мекеменің бас дәрігері мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Мадина Ермағанбетованың сөзінше ,  ауруханада қайтыс болған азаматтан бөлек марқұмның әйелі мен ұлы да емделген. Олар жазылып шығыпты. Ал отағасы жансақтау бөліміне ауыстырылған. Тек кислород өшірілген жағдай болған емес дегенді айтты. Хатты нақ кімнің қолымен жазылғанын полиция анықтайтынын айтқан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы бұл дауға қатысты жауапты жазбаша жолдады.  

Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация жанынан ашылған инфекциялық стационардағы төсек орындардың барлығы 100 пайыз оттегі нүктесімен қамтамасыз етілген. Тыныс жетіспеушілігі бар  науқастарды емдеу мекемесі тәулік бойы кислородпен қатамасыз етуге толықтай қауқарлы. Айта кетейік, Шымкент қаласындағы инфекциялық стационарларда  кислород тапшылығы жоқ. Жыл басынан бері кислород тапшылығынан науқастардың қайтыс болу деректері тіркелмеген.

А. Торебекқызы