$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Jаs Otan» киберспортты дамытуға ниетті

AstanaTV
26.08.2021ж. 20:00
1609
«Jаs Otan» киберспортты дамытуға ниетті

"Елімізде киберспорт та  толыққанды спорт түріне айналады". Киберспорт федерациясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі осылай деді. Оның сөзінше, киберспортшылардың қатары артып келеді. Компьютерлік ойындармен құр уақыт өткізгеннен гөрі, виртуалды спортшылардың өзара бәсекеге түсіп, шеберлік шыңдағаны  тиімді. Сондықтан халыққа   спорттың бұл  түрі туралы түсіндірме жұмыстарын күшейту керек екенін айтады.  Еске салсақ, 2018 жылы киберспорт бойынша республикалық чемпионат ұйымдастырылып, оған 215 команда қатысқан. Жасотандықтар ел тәуелсіздігінің 30  жылдығына орай тағы да ауқымды  турнир ұйымдастырмақ.

Нұржан  ЖЕТПІСБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазір әрбір азамат гаджеттерінде болсын, компьютерлерінде болсын осы бір әртүрлі ойындармен киберспортпен шұғылдануда. Сондықтан да осыны тәрбие құралы ретінде жасотандықтардың тарапынан әрбір ауыл, қалада осы қозғалысқа бір жөнді бағытты көрсету біздің негізгі мақсатымыз деп айтуға болады.

Әлібек АХАНОВ, ҚАЗАҚСТАН КИБЕРСПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

Көп кісілер нақты түсінбейді.Киберспорт деген ол жай ғана ойын дейді. Жас жігіттер мына жақтағы, қазақтың балалары бүкіл әлемге танымал болып, енді өз-өздеріне ақша тауып. Сол жақтан көрсеткіміз келеді.


Л. Қуанышқызы