Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Алтын белгі» иегерлерінің тегін оқу мәселесі шешілді

AstanaTV
24.08.2017ж. 20:00
2707
«Алтын белгі» иегерлерінің тегін оқу мәселесі шешілді

«Алтын белгі» игерлерінің білім гранттарын ешкім тартып алып жатқан жоқ. Бұл әңгіме шындыққа жанаспайды. Бүгін Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының жетекшісі Рамазан Әлімқұловтың сөзін жариялады. Баспасөз мәліметінде медициналық мамандықты таңдаған түлектердің 90 пайызы Астана мен Алматыдағы медициналық оқу орындарында оқуды хош көретіндері жазылған. Сондықтан оларға Ақтөбе, Семей, Қарағандыдағы жоғарғы оқу орындарында оқу ұсынылған. Бүгінде 200 студенттің 150-і бұл ұсынысты қабылдапты.

Пресс-релиз:

По линии МОН РК все, кто получил необходимые баллы и прошел по конкурсу на заявленные самими абитуриентами медицинские вузы, должны были получить свидетельства о присуждении грантов. Однако по требованию Министерства здравоохранения вузами приостановлена их выдача по той причине, что указанные абитуриентами медицинские вузы Алматы и Астаны - конкретно Казахский национальный медицинский университет имени С.Д. Асфендиярова и «Медицинский университет Астана» не готовы принять такое количество студентов». 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің желісі бойынша қажетті баллды жиып, өтінішіне сәйкес конкурстан іріктелгендер өздері таңдаған медициналық оқу орындары бойынша тиісті сертификаттарын алуы тиіс болатын. Алайда, Денсаулық сақтау министрлігінің талабына сәйкес олардың тоқтатылуы Алматыдағы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Астана медицина университетін таңдаған талапкерлердің саны тым көп болуы себепті, яғни мұнша адамды аталған оқу орындары қабылдауға әзір емес.

Еске салайық, оңтүстікқазақстандық жетпістен астам талапкер грант иегері екенін растайтын сертификат ала алмай жүргендерін айтып, арнамызға хабарласқан еді. Медициналық мамандықты таңдаған жастар басқа қаладағы оқу орындарын таңдауға мәжбүрлеп жатқанын мәлімдеген болатын.