Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Елордада ауқымды оңалту орталығы ашылады

AstanaTV
31.08.2021ж. 20:00
1835
Елордада ауқымды оңалту орталығы ашылады

Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығын салу жоспарлануда. Онда олар жұмыс табуға бейімделеді. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, елордадағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымның қалай дамып жатқандығы туралы айтты.

Елордада мүмкіндігі шектеулі 30 мыңға жуық адам тіркеуде тұр. Оның 7 мыңы - балалар. Қалада мүгедек жандарға арналған орталықтар баршылық. 2023 жылы жаңадан заманауи оңалту орталығын ашу жоспарлануда. Ерекшелігі сол мұнда жарымжан жандар да жұмыс таба алады.

Илья СКУБ, НҰР-СҰЛТАН қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Соңғы дайындық құжаттары қазір әзірленуде. Яғни, әзірлеу, тексеру, мемлекеттік сараптама жасалуда. Мүмкін, құрылыс 2022 жылдың басында басталуы мүмкін. Шамамен 2023 жылы осындай орталықтың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. 2023 жылы ол өзінің алғашқы келушілеріне есігін ашады.

Бүгінгі күні 3 жарым мыңнан астам елордалық, Олимпиада чемпиондарын тәрбиелейтін - Параолимпиадалық дайындық орталығына барады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар үстел теннисі, дойбы, шахмат, парафутбол, параволейбол сияқты түрлі спорт түрлерімен ақысыз айналысып жүр.

Азия ТҰРСЫНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:


Мұнда біз өзімізді 100 пайыз жайлы сезінеміз. Біз дербес қозғала аламыз, дәретханаға барамыз, қолымызды жуамыз, киім ауыстырамыз. Яғни, мұнда біз үшін бәрі қамтамасыз етілген.

Жетес НҰРМАҒАНБЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Үйде отырғанша, осындай орталықтарға бару керек. Мұнда әлдеқайда қызықты. Көптеген достар таба аласың, көп жерге қатысуға болады. Қызықты спорт түрлері де көп.  

Сонымен қатар, қалада аутизммен ауыратын балалар үшін "Орда" түзету орталығы 5 жылдан бері жұмыс істейді. Орталықта логопед, дефектолог, психолог және тағы басқа мамандар бар. Олар әр баланың даму динамикасын жіті бақылайды. Қазір мұнда 200 бала келіп жүр. Одан бөлек, диагнозы бар, бірақ мүгедектігі расталмаған 120 -дан астам жеткіншек бар.

Салтанат ЕСМАҒАНБЕТОВА, «ОРДА» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бізде әрқашан орындар бар және біз әр балаға көмектесуге, отбасымен  кездесіп, баланы оңалтуға көмектесуге әрқашан қуаныштымыз. Әр баланың жеке кестесі бар және әр бала өз уақытында келеді. Біздің орталықта барлық санитарлық нормалар сақталған.

Жалпы, мұндай орталықтарды қолжетімді ету үшін «Кедергісіз келешек» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында мамандар әлеуметтік нысандарды, кәсіпорындар мен автокөлік инфрақұрылымын барынша тексереді. Биылдың өзінде 1500 нысан зерттеліп, тиісті нұсқаулар мен ұсынымдар берілді.

А. Базарбай