Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Тойға тосқауыл індетті ауыздықтамайды, керісінше ауруды өршітуде"-Мәжіліс депутаты

AstanaTV
01.09.2021ж. 20:00
1755
"Тойға тосқауыл індетті ауыздықтамайды, керісінше ауруды өршітуде"-Мәжіліс депутаты

Карантиндік шектеулер індеттің таралуына тосқауыл қойып жатқан жоқ, керісінше   ауруды өршітті. Оған қоса жемқорлықты  арттырды. Мәжіліс депуттары осылай дейді.   Халық қалаулыларының   айтуынша, кәсіпкерлердің ісі жүрмей, ел экономикасы тоқырауда. Ал өңірлерде шенеуніктердің жақындары немесе тексерушілерге ақысын төлеген  кәсіпкерлік нысандары шектеуге қарамастан жұмыс істеп тұр. Әсіресе, той-томалақ тоқтар емес. Сондықтан мәселені шешудің басқа жолын қарастырған жөн деді депутаттар.

Берік ДҮЙСЕНБИНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АҚ ЖОЛ" ҚДП ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Отбасылық шараларды өткізуге рұқсат бермеу, шын мәнінде, індеттің таралуын тоқтатуға еш әсер етіп отырған жоқ. Шектеу шаралары көзбояушылыққа, індетпен күрестің бейшара көрінісіне, коррупцияға айналды. Ресми түрде шектеу болғанымен, іс жүзінде  жанұялық шаралар мен той жиындар пәтерлерде, жеке үйлер мен көзден таса кафелерде өтіп жатыр.


Медициналық қызметкерлер екі жыл қатарынан физикалық және эмоционалдық мүмкіндіктер шегінде жұмыс істеп жатыр. Ал дәрігерлердің жағдайы  науқастарға тікелей әсер етеді деді депутаттар.  

Мақсат РАМАНҚҰЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:


Дәрігерлер мен медбикелер психолог ретінде де әрекет етеді, науқастарға қолдау көрсетеді олардың отбасыларымен тіл табысады. Бірақ дәрігерлердің өзін кім тыңдап, кім тыныштандырады? Ауыр  жүктеме -  қызмет сапасына теріс әсер ететінін айтудың да қажеті жоқ.


А. Базарбай