Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Елордалықтар жедел-жәрдем шақыруды азайтқан

AstanaTV
01.09.2021ж. 20:00
1660
Елордалықтар жедел-жәрдем шақыруды азайтқан

Жедел жәрдем қызметіне жүгінетін елордалықтар саны азайған. Коронавирус пен пневмонияға байланысты қоңырау көп түспейтін болған. Қосалқы станцияларда «жедел жәрдем» бригадаларының саны қысқарды. Бірақ, дәрігерлер демалуға асықпайды. Олардың ойынша бұл - уақытша тыныштық.  

Бұл жедел жәрдем бригадасы шақыртуға асығып барады. Қоңырау шалған әйелдің тыныс алуы қиындаған. Дәрігерлер мекен-жайға жеткенге дейін науқасқа аллергияға қарсы препараттарды ішуге және бөлмені желдетуге кеңес берді.

Қайратбек КІШКЕНТАЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. «АЛМАТЫ» АУДАНЫ №6 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БРИГАДА ДӘРІГЕРІ:

Аллергия, беттің ісінуі, тыныс алудың қиындауы. Мекен-жайға жету үшін 15 минут уақыт кетеді. Бұл қазірдің өзінде екінші шақырту. Күндіз 8 қоңырауға дейін, 10 -ға дейін жетеді.

Қала бойынша 4 жедел жәрдем орталығы бар. Індет өршіген кезде олардың әрқайсысы тәулігіне 50 -ге дейін қоңырау қабылдап, қызмет көрсеткен. Дәрігерлер бұл   қазір 15 -ке дейін төмендеді дейді.

Ковид жұқтырған науқастарға барған жағдайда, дәрігерлерде  міндетті түрде  арнайы костюм киеді. Бірақ бұл жолы олар арнайы киім киген жоқ.

Айман ТАШМЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Құдайға шүкір, мынау қайтайын деді ау дим? Қорқыныш кетейін деді ма? жанымыздың жалауы ғой скорый. Рақмет бұларға. Күн-түн демейді дереу келеді ғой.

Бүгінде «Алматы» қосалқы станциясында 18 бригада жұмыс істейді. Қазір ковидке шалдыққандар саны азайған. Алайда, дәрігерлердің айтуынша, бұл уақытша жағдай.  Босансуға болмайды дейді.
 
Сұлушаш ӘБІЛҚАСЫМОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. АЛМАТЫ АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ КӨМЕКШІ СТАНЦИЯНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл бізге жаңалық емес. Екі жылдан бері біз осындай режимде, науқастармен жұмыс істеп жатырмыз, сондықтан біз мұны өз жұмысымыз, ұстанымымыз ретінде қабылдаймыз. Дәрігер ретінде, фельдшер ретінде біз қоңырауды сабырмен қабылдаймыз.


Пандемия кезіндегі қарбаласқа қарамастан, фельдшерлер вирустан зардап шеккен жоқ. Барлық дәрігер екпе салдырған.

А. Базарбай