Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыда қару-жарақ арсеналы тәркіленді

AstanaTV
02.09.2021ж. 20:00
1695
Алматыда қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Алматыда қару-жарақ арсеналы тәркіленді. Арнайы операцияны Алматының Криминалдық полиция қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бірлесіп жүргізген. Арнайы топ күдікті азаматты Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысында құрықтаған.  Көлік пен күдіктіні тінту кезінде патрондары бар екі тапанша табылған. Сондай-ақ ОНЫҢ Алматы облысы Талғар ауданындағы  тұрғылықты жеріндегі құпия орнынан тағы алты қару, оның ішінде 12 калибрлі Винчестер мен граната және 60 патрон тәркіленген.

Қуатбек НАУАТОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Қару кімге тиесілі екенін, қайда жасалғанын, сондай-ақ, қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау үшін тәркіленді және сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Ал, Д.есімді азамат ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Қылмыстық кодекстің 287-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу  жүргізілуде.

ІІМ мен ҰҚК Қазақстанның 5 өңірінде яғни Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында арнайы операция жүргізген. Нәтижесінде тәртіп сақшылары ұйымдасқан қылмыстық топтың 28 мүшесін ұстап, олардың 16-сын қамауға алған. Тінту кезінде атыс қаруының арсеналы мен оқ-дәрілер тәркіленген, сондай-ақ бақылауға арналған арнайы техника табылған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, құрықталған топ мүшелері елдің оңтүстігінде  ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған.

Б. Сатуов