$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елордада 47 тарихи ғимарат бар

AstanaTV
02.09.2021ж. 20:00
4617
Елордада 47 тарихи ғимарат бар

Бас қалада терең тарихы бар 47 ғимарат сақталған. Бұл нысандар толық мемлекет қарауында. Оларға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл бірнеше нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілмек.  Толығырақ тілшіміз Ақбота Базарбай  айтады.

Елорда "мен мұндалаған" зәулім ғимараттардың  ғана қаласы  емес. Мұнда өңірдің әр кезеңінен сыр шертетін көне нысандар да жетерлік. Әр ғимараттың өз тарихы бар.   Кейбірінің сыры кетсе де сыны кетпеген.

Серік ОСПАН, "АТАМЕКЕН" БІРІККЕН МҰРАЖАЙЛАР ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ АҒА ӘДІСКЕРІ:

Көпес Кубриннің қазіргі "Астана" дүкені-көпес Кубриннің дүкені. Содан кейін көпес Кубриннің баласы Василий Кубриннің үйі Украин елшілігі болған. Қазір архивтер мен құжаттар сақтау несінің филиалы болып тұр ғой. Сол ғимарат мысалы  тамаша сақталған. Мына көпес Кубриннің дүкенінің арғы жағында көпес Селиннің үйі тұр.

Қазір "Астана" дүкені деп аталатын ғимарат  бұрын көпес Кубриннің дүкені болған.  Салынғанына бір ғасырдан асса да тарихи көркін   жоғалтпаған. Ал мынау көпес Кубриннің ауруханасы, кейін   перзентханаға айналған. Қазір ғимарат Республикалық ғарыштық байланыс орталығы.
 
Мейрам ОРАЛОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. БІРІККЕН МУЗЕЙЛЕР ДИРЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ғимараттар жағдайын біз жіті қадағалаймыз. Мысалы, "Астана" дүкені өте жақсы сақталған. Тарихи нысандарға кіретін әскери госпиталь жаңартылып, жасалып жатыр. Осы жылы қаламыздағы гидромет орталығы да жаңартылмақ, жөндеу жұмыстары жоспарда тұр.

Ал  қаланың қақ ортасында орналасқан  қос ағаш үй он тоғызыншы ғасырдың соңында бой көтерген. Бірі-Ақмоладағы ең алғашқы мұсылман мектебі ретінде ашылған.Онда қазақ, татар балалары білім алған.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Астанадағы ең ескі ғимарат қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы музейдің ғимараты.   1846 жылы салынған.  Көпестер  бір қабатты осы нысанды салғызып,   жертөлесін сатылған бұйымдардың есебін жүргізетін кеңсе қылған. Ал ХХ ғасырда бұл жерде  Зорька деген балабақша болды.

Бұл тарихы терең  нысандар туристердің де қызығушылығын туғызады.Биік ғимараттар арасында  ескі қаланың бір бөлшегінің сол күйі сақталғанына таңдай қағады.     

А. Базарбай