Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елордада жыл соңына дейін 15 мың үйге газ тартылады

AstanaTV
06.09.2021ж. 20:00
1885
Елордада жыл соңына дейін 15 мың үйге газ тартылады

Елордада жыл соңына дейін 15 мың үйге газ тартылады. Қазір қаладағы үш тұрғын алапта құбыр тарту жұмыстар жалғасып жатыр. Елбасының "бес әлеуметтік бастамасы» негізінде қолға алынған істің нәтижесі жаман емес. Қанша үйге көгілдір отын қолжетімді? Әкімдік тарапынан халыққа қандай жеңілдіктер қарастырылған? Әріптесім толықтырады.

Нұр-Сұлтанда газдандыру жұмыстары осыдан 2 жыл бұрын басталған болатын. Бүгінде Көктал-1, Көктал-2, Теміржол, 40-станция тұрғын алаптарында бұл жұмыстар толығымен аяқталған. Оны үйге кіргізу тұрғындардың өз есебінен, қосу-қоспау да өз қалауы. Жалпы, Елорда бойынша 500-нан астам үйге табиғи газ қолжетімді. Дегенмен, жауаптылар күз жақындаған сайын көгілдір отынды тұтынғысы келетіндер көбейгенін айтады. Соған орай, қазандықтарды да санын арттыру жоспарланып отыр.

Мақсат ЕСМАҒҰЛОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ОТЫН ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бізде екі энергетикалық орталық бар, яғни: ТЭЦ-1 және ТЭЦ-2 газға ауыстырылған болатын. ТЭЦ-1 бізде былтырғы жылы 3 қазандық, ТЭЦ-2 де 1 қазандық газға ауысты. Биылғы жылы тағы да оған қосымша бізде ТЭЦ-1 де 4 қазандық, ТЭЦ-2 де 5 қазандықты газға ауыстырамыз. Қазір ондағы жұмыстардың көбі аяқталды. Іске қосу, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.


Көктал-2 тұрғын алабының тұрғыны Төлеген Мәдиевтің газды пайдаланып отырғанына 2 айға таяу уақыт болды. Көгілдір отын біраз шаруамызды жеңілдетті, дейді. Күн салқындағанда енді көмір іздеп әлек болмайтынына қуанышты. Жыл сайын отынға жарты миллион теңге жұмсайтын отбасы биылғы шығын одан аз болар деген үміті бар.

Төлеген МӘДИЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Газды берді үйге, плитада газ бар. Бәрі істеп тұр. Жасымыз болса келді. Кемпір бар, ол кісі от жағатын еді. Биыл қуанып отыр от жақпаймыз деп..  


Жыл аяқталғанша, көгілдір отын 15 мың тұрғын үйге қолжетімді болмақ. Қазіргі таңда, тиісті жұмыстардың 90 пайызы аяқталған. Ал, әкімдік тарапына газ кіргізгісі келетін халыққа жеңілдіктің бірнеше түрі қарастырылып отыр. Барлық үйлерге құрылығы тегін орнатылады. Әлеуметтік осал отбасылар мен зейнеткерлерге көмек ретінде 270 мың теңге бере алады. Сондай-ақ отандық банктің бірімен тұрғындарға пайызсыз, 750 мың теңгеге дейін несие беру келісім-шарты бар.

А. Данияр