$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Тәліптер аяғы ауыр полиция қызметкерін атып өлтірді

AstanaTV
06.09.2021ж. 20:00
2090
Тәліптер аяғы ауыр полиция қызметкерін атып өлтірді

Әлемдегі жаңалықтарға келсек. Тәліптер Ауғанстанда қорғанысты ұстаған соңғы провинция -Пандж-шерді басып алды.  Бұл туралы Талибан өкілі - Заби-улла Мужа-хид мәлімдеді. Бірақ қарсы тарап мұны жоққа шығарды және ұрыс жалғасып жатқанын айтты. Ал, ауған әйелдері өз құқықтары үшін алаңдаулы. Террористік қозғалыстың ізбасарлары үкімет құруға асықпайды. Елді не күтіп тұр? Ақбота Базарбайдың шолуы. 

Панджшер Тәліптердің билігіне өтті. Жаңа үкіметтің өкілдері осылай деп мәлімдеді. Забиулла Муджахидтің айтуынша, көтерілісшілердің кейбірі берілсе, кейбіреулер  қашып кеткен. Сондай-ақ, Талибан өкілі Панджшер  тұрғындарына қысым көрсетілмейді деп сендірді.

Забиулла МУДЖАХИД, ТАЛИБАН ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жалдамалы дұшпандардың соңғы бекінісі Панджшер провинциясы толығымен басып алынды. Панджше Ислам Әмірлігінің толық бақылауына өтті.  Осы жеңіс пен соңғы күш-жігердің арқасында еліміз соғыс төңкерісінен шықты, енді біздің халық бейбітшілік, бостандықта бақытты өмір сүредІ.   

Панджерді басып алу туралы ақпарат соңғы бірер күнде  екінші мәрте жарияланды. Ал қарсылық өкілдері  мұны жоққа шығарды және ұрыс жалғасып жатқанын айтты. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары екі жақтан да айтарлықтай шығын болғанын және Қарсыласу басшысы Ахмад Масуд келіссөзге дайын екенін хабарлады.

Талибандар өткен жұмада жариялауға уәде берген жаңа үкіметтің құрылғаны туралы әлі ештеңе белгісіз. Нақтысы - әйелдердің кіруіне рұқсат жоқ, бірақ бұған дейін керісінше айтылған. Наразылық білдірушілердің арасында қарулы тәліптер бар. Оларды тарату үшін олар көзден жас ағызатын газ бен таяқ қолданған.

Худа ХАМОШ, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫ:

Біз тек ер адамдармен тең құқықтарды немесе Ашраф Ғани үкіметі кезінде алған жеңілдіктерді қалаймыз. Біз оларды кем дегенде 50% құрметтегенін қалаймыз. Біздің еркіндігіміз киінуімізде емес, біз бұрын хиджабсыз жүрмедік. Біздің еркіндігіміз - білім алу, саясатқа, жұмысқа қатысу.

Париса МЕХРАЗАЙ, ЖУРНАЛИСТ, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫ:

Әрине, бұл біздің алаңдаушылығымызды тудырады. Ер адамдар жағдайға қарамастан өз құқықтарын алады. Егер әйелдер қоғамның жартысы болса, егер олар сіз сияқты еркектерді білімде, экономикада және коммерцияда белгілі бір деңгейге жеткізетін аналар болса, онда неге олардың ешқандай құқықтары болмауы керек?

Гор қаласында болған оқиға тәліптердің әйелдерге «ерекше» көзқарасын көрсетті. Содырлар аяғы ауыр полиция қызметкерін күйеуі мен балаларының көзінше атып өлтірді. Бүгін Ауғанстанда жаңа оқу жылы басталады. Бір күн бұрын жаңа билік тағы бір талап қойды - әйелдер университетке бет-жүзін бүркемелейтін арнайы  киіммен келуі тиіс.  Сонымен қатар, қыздарға тек әйел оқытушы немесе «жақсы беделге ие» егде жастағы ер адамдар сабақ бере алады.

А. Базарбай