Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Шымкентте аналар әкімдікке баса көктеп келді

Шымкентте аналар әкімдікке баса көктеп келді

Бүгін Шымкентте бір топ әйелдер, әкімдікке баса-көктеп келді. Олар «мектептерде у шашылып жатыр» деген ақпарат қаншалықты шындыққа жанасатынын білмек болды. Үрейлі топтың айтуынша, сабаққа барғалы балаларының денсаулыққа шағымы көбейген.

Жиналғандар тікелей шаһар басшысының шығуын талап етті. Олар екпені мәжбүрлеп салуға жол бермейміз деп отыр. Тіпті балаларды әдейі улап жатыр деген ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын білгісі келеді.  

Меруерт ДАУЫЛБАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазір мұғалім звондап тұр: «қызыңыздың іші ауырып жатыр,- дейді. Үйде отырған одан кейінші 3 оқитын қызым бар. Ол да ішім ауырып жатыр дейді. Баланың да іші ауырып жатыр . Мектепке барғалы іш ауру көбейіп кетті. Бүкіл мектептің оқушылары бірден іші ауыры мүмкін емес.

Кәрима ШЕРМҰХАМЕДОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Балалар мектепке барып келіп жатқан балалар іштері ауырып, температурасы көтеріліп, құсып жатыр. –Не үшін деп ойлайсыз? -Сол жердегі берген тамақтан және де дезинфекция жасағаннан біз содан күдіктеніп отырмыз.

Наразы топ балаларына вакцина салдыртуға да қарсы екендерін ашып айтты. Алайда көптің көңілін күпті еткен бұл сұраққа, түс ауа денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен шаһардың бас ұстазы жауап берді. Жанат Тәжиева білім ошақтарында жасырын вакцина салады екен деген әңгіменің жалғандығын баса айтты. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде сынып бөлмелерін дезинфекциялау жұмыстары түсірілген фотосуреттерге де тоқталды.

Жанат ТӘЖИЕВА, ШЫМКЕНТ қ. БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мектепте 2-3 бала ауыратын болса, ол кабинеттің ішін міндетті түрде дезинфекцияланады. Мүмкін ол фотодағы сурет сол кабинетті дезинфекциялап жатқан сурет болу керек. Дегенмен де бұл халықтың арасында, ата-аналардың арасында дұрыс емес кері әсерде кері бағытта дұрыс емес пайдаланып жатқан жағдай бар.

Өңірдің бас дәрігері болса, оқушылар арасында іш өту жиіледі деген ақпаратты да жоққа шығарды.

Бақытжан ПОЗИЛОВ, ШЫМКЕНТ қ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ол мектепке барғаннан кейін әрине бала қолын жумауы, бірнәрсе жеуі мүмкін немесе үйінде қауын-қарбыз жеуі мүмкін. іші өтуі мүмкін. Ол бойынша күрт науқастардың саны көбейіп жатқан жоқ.  Күнделікті өзінің ауыратын проценті бар, солар көбейіп жатыфр.  Ауруханаға мысалы мектеп басталды. Іш өтіп немесе гриппен көп науқастар түсіп жатыр деген тіркелген жоқ. Оны мен ресми түрде мен баяндаймын.

Бүгінде балаға екпе десе ел үркеді. Бұл үрейді соңғы күндері желіде тараған түрлі жәйт тіптен үдетті.

БЛИЦ:

- Мен өзіме де салдырғам жоқ, и оғанда істеткізбеймін. Қорқынышты. Ол кішкентай ғой әлі.

- Мен баламды оқытпай қойса да, мектептен шығарып жіберсе де қарсы болар едім. Балаға салу деген дұрыс емес.

Көпті толғандырған сауалдың жауабын санэпидбақылау комитетінен сұрадық. Олар  желідегі қауесеттердің жалған екенін айтты. Балаларға жоспарланған вакцина әлі елге келмеген. Ол 12 жастан асқан балаларға салуға рұқсат берілген жалғыз вакцина Pfizer екпесі, әзірге Қазақстанға әлі келген жоқ. Вакцина ата-ананың рұқсатынсыз жүргізілмейді деп сендірді.

Ержан БАЙТАНАЕВ, САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
 
Осы қазан айында вакцина келгенен кейін бізде сол вакцинаның толық инструкциясына байланысты қалай салыну керек, тәртіппен мектепте салынады ма, қайда салынады барлығы қаулы арқылы шығады.

Министрлік өкілі екпені салдыртам деген ата-ана баласын өзі тіркелген емханада апарады деді. Демек ерікті түрде жүретінін тағы қайталады. Жалпы, жоспар бойынша америкалық Pfizer вакцинасы, алдағы айдан бастап 2 млн балаға салынбақшы.

К. Мұхамеджан