Елордада 7 жылда 150-ден астам тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ол тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүзеге асырылған. Жөндеу кезінде тұрғындардың талап-тілегі ескерілген.
Күрделі жөндеу жұмысы алдымен тозығы жеткен тұрғын үйлерге жүргізіледі. Оны пәтер иелері дауыс беру арқылы шешеді. Яғни тұрғындардың өз қалауы болуы тиіс. Сонда ғана арнайы жоба арқылы милиондаған қаржыны талап ететін жөндеу жұмыстары жүргізіледі,ал пәтер иелері ақшаны бөліп төлей алады. Бұл - әбден тозығы жеткен баспаналардың тұрғындары үшін таптырмас мүмкіндік. Соның бірі- Жұбанов көшесінің бойындағы тұрғын үйлер.
Светлана БОРЗОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Үйдің шатырынан толассыз жаңбыр суы ағып тұратын. Содан уйде электр сымдарынан мәселе туындады. Электр сымдары тіпті жарамсыз күйге жетті. Осылайша бірінен соң бір қиындықтар болды. Алайды енді барлығы жақсы. Шатыр 100 пайызға жаңартылып, үйдің қасбеті де қалыпқа келтірілді.
Жөндеу жұмыстарын "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда уәкілетті ұйым болып табылатын "Өркен қала" ЖШС жүргізіп келеді.
Нұрлыбай БАБАСОВ, "ӨРКЕН ҚАЛА" ЖШС БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жергілікті әкімдіктермен бірігіп жұмыс істейміз. Сол арқылы әрбір тұрғынмен жиналыс өткізіп, бағдарламаны түсіндіріп, 70 пайыз дауыс алғаннан соң бұл үйлерді біз күрделі жұмыс жүргізуді бастаймыз. Биылғы жылы бізде қазір 26 үй күрделі жұмыстан өтіп жатыр. Жиырма алты үйдің қазір бітіп тұрғаны 9 үй. Енді міне қалғандары осы айдың аяғына дейін бітеді.
Тұрғын үй шатырлары мен ғимараттың қасбеті қайта қалыпқа келтіріледі. Сондай-ақ аулаларды абаттандыру мен пәтерлердегі тозығы жеткен жедел сатыларды қайта ауыстыру да жобада қарастырылған. Бағдарлама негізінде Нұр-Сұлтан қаласында 179 лифт жаңартылған.
Қаратай МАХАДИЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Лифт ескірген. Жүру өте қиын болды. Тұрғындарға ауыр тиді.Міне жаңа бағдарламаның арқасында, осындай азаматтардың арқасында, лифті қойылып жатыр.Рақмет! Оған ат салысып жатқан қалалық акиматқа рахмет.
Бағдарламаның игілігін көргісі келетіндер қатары артып келеді. Өйткені мемлекеттік жоба ескі үйлерді қайта қалпына келтіруге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Шығындарды 7 жылдан 15 жылға дейін пайызсыз несиеге рәсімдеуге болады.
Б. Сатуов