Түске дейін министрлер кабинеті инфляциядан құтқарудың жоспарын талқылады, Ал түстен кейін ауыс-түйіс орын алды. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Президент Жарлығымен орнын босатты. Дегенмен мемлекеттік қызметтен толықтай кеткен жоқ. Ол Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. Ал, аймақты екі жылдан аса басқарған Серікбай Трұмовтың қай лауазымға баратыны әзірге белгісіз.
А. Данияр