Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Шымкентте ЖОО студенттері келесі курсқа көшірілмеген

AstanaTV
08.09.2021ж. 20:00
1832
Шымкентте ЖОО студенттері  келесі курсқа көшірілмеген

Шымкенттің жоғары оқу орындарында тағы  шу шықты. Бұл жолы Мирас университетінің студенттері дау көтерді. Жекеменшік оқу ордасының  жүзге жуық тәлімгері келесі курсқа өтпей қалған.  "Мұны біз тек оқу жылы басталғанда бір-ақ білдік" дейді. Төбеден жай түсірген жағдайға себеп болған не? Студенттер мен оқу орны басшыларының пікірін әріптесім Айзада Төребекқызы саралады.

Өткен оқу жылын онлайн оқыған студенттер офлайн білімге көшетіндерін естіп қалаға құстай ұшып жеткенмен қуаныштары ұзаққа бармапты. "Курстан курсқа көшпедіңдер" дегенді естіп абдырап қалғандарын айтады. Білулерінше, бұл былтырғы  сессиядан қалған қарызбен байланысты. Бірақ студенттердің дені сессияны толық жапқанын айтады.    

Ербосын БЕЙСЕБАЙ, СТУДЕНТ:

Сессия тапсырдық. Бірақ қабылданбаған, біздің жауабымыз қабылданбаған.
 

Мухтасар ЮЛДАШЕВА, СТУДЕНТ:

И мен отчисление болғанымды 6-нан кейін білдім. Оған дейін одан алдын Мирас апқа кіргенімде бәрі шығып тұрған. Бірде нөл боп жатыр сразу, тапсырғаннан кейін. Бірақ ол жауаптардың хотя бы жартысы болсын дұрыс екенін білем да, сразу нөлге жіберіп жатыр.

Мұндай қиындыққа тап болған студенттердің саны жүзге жуықтайды. Тіпті арасында үшінші курстағылар да бар, олардың  кейбірі   бәрін біріншіден  қайта бастауына тура келетін көрінеді.   Студенттер "бұл -оқу орнының арнайы ортақ базасындағы ақаудан кеткен қателік" дейді.

Аружан ЛЕСОВА, СТУДЕНТ:

"Екінші курсқа да өтпейді, бірге де өтпейді. Сен тек ЕНТ тапсырып, жаңа сертификатпен келесің",- деді. Мен төрт күн жүрдім. Төрт күн төрт вариант айтты ғой.


Шуылдаған  топтың осылай сабылып жүргеніне бір аптаға жуықтады.   Бірақ жөні түзу жауап жоқ дейді. Сондай-ақ оқу ақысына  қатысты да  түсінбеушілік бар.  

Гүлнұр ӘШІРОВА, АТА-АНА:

Договор бойынша 150 мың құйғанбыз. Ал енді 280 құясыздар деп отыр бізге. Сол бір жылдық оплатамыз күйіп кетіп жатыр. Енді бірге өткізе ма, екіге өткізе ма олар өздері шешетін құсайды барлық нәрсені. Соны түсінбей отырмыз.

Ал оқу орнының өкілі "студенттер кеш қалды" деп кесіп айтты. Ендігі мүмкіндік тек қыста дейді.

Ақмарал ДАНИЯРОВА, МИРАС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Оқу процесі басталып кетті. Біз академиялық графикпен жұмыс істейміз. Заң бойынша восстановление жазғы және қысқы каникул кезінде мүмкіндігі бар. Қаңтар кезінде келіп, арыз жазып оқуын жалғастыра береді.  

Алайда басшылықтың бұл жауабы жиналғандарды қанағаттандырған жоқ.  Курстан курсқа көше алмаған студенттер мен олардың ата-аналары мәселеге  жауапты министрліктің араласуын сұрап отыр.

А. Төребекқызы