Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Денсаулық сақтау министрі неге екі сөйлейді?

AstanaTV
08.09.2021ж. 20:00
1344
Денсаулық сақтау министрі неге екі сөйлейді?

Қазақстанға "Pfizer" екпесі қашан жеткізілетіні белгісіз. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары айтты. Бұған дейін Алексей Цой қазан айында әкелінеді деген болатын. Бірақ министр шатасқан сияқты. Ведомство коронавирусты қойып, тұмаудың алдын алуға кірісіп кетіпті. Тіпті, келесі аптада тұмауға қарсы вакциналау науқанын бастамақ. Ковид-ке шалдыққандар оны салдыруы керек пе? Әріптесім Асылбек Данияр жауап іздеп көрді.

Алексей Цой, өткен айда ғана сенімді түрде амеркалық вакцина келеді деп сүйіншілеген еді. Тіпті, "Pfizher-ді" күтіп жүргендерге, дәмеленбей басқа екпе алыңдар деген болатын. Десе де, уақыт жақындағанда бәрі өзгере кетті.

Марат ШОРАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

"Pfizher" жөнінде біз бұл жұмысты қазір жүргізудеміз. Біз оны бірнеше рет жариялады. Орысша айтқанда генеральный соглашениеге қол қойып , қазір келісім шарттың положениелерін қазір біз олармен переговорда отырмыз.

Күз бастала, маусымдық аурулар да көтеріле бастайды. Министрлік коронавирусқа қарсы вакцина салу науқанымен қатар, тұмауға қарсы да екпені бастамақ. Жауаптылар оны COVID-19-ға қарсы иммундалған адамдар да салдыруына болады, дейді. Айтпақшы, ол тек осал топтағы адамдарға ғана тегін салынады.

Марат ШОРАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Биыл бюджет қаражатына Ресейде шығарылған "Grippol Plus" вакцинасының 2,5 миллион дозасы сатып алынды. Препаратта алдағы маусымға қарсы штаммдар енгізілген. Бұл ДДҰ ұсынған 10% ел халқының шамамен 13 пайызын қамтуға мүмкіндік береді. Ол вакцинация жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке қаражаты есебінен жүргізілетінін атап өтті.


Енді 1 ақпаннан басталған вакциналау жайына тоқталсақ, препараттың бірінші компонентін қабылғанадар саны 7 миллионға таяды. Десе де, екпеден кейін 20 мыңнан аса адам қайта вирус жұқтырған. Сондай-ақ жақында екпе науқанына байланысты тексеріс басталады. Айта кететін жайт  соңғы екі аптада эпид ахуал айтарлықтай тұрақтаған. Қазір республика бойынша 12 облысы "қызыл", 4 облыс "сары", тек Түркістан облысы "жасыл аймақта". Дейтұрғанмен оқу жылы басталысымен 426 бала коронавирусқа шалдығыпты.

А. Данияр