Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

163 оқушы короновирусқа шалдыққан

AstanaTV
13.09.2021ж. 20:00
1369
163 оқушы короновирусқа шалдыққан

Қызылордада жаңа оқу жылы басталғалы 163 оқушыдан коронавирус анықталған. Соған байланысты аймақта 35 класс карантинге жабылды. Қазір ауырған балалар оқыған сыныптың оқушылары онлайн форматта білім алуда.

Айман ЖАНАҚАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


120 жағдай мектеппен байланысты емес. Себебі оқушылар жазғы демалыс кезінде жұқтырған. Карантиндік оқшаулау мерзімі қыркүйек айына яғни, жаңа оқу жылына сәйкес келгендіктен олар мектепке бармаған. Ал қалған 43 жағдай мектеппен байланысты. Яғни оқушылар өздерінің білім алуын дәстүрлі форматта бастаған.

Өкінішке орай, аймақта бір жасқа дейінгі балалар арасында да індет өршіп тұр. Қазіргі таңда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 13 бала ем алып жатыр. Олардың жағдайлары тұрақты дейді дәрігерлер.  

Гүлбақша ЖЕКСЕНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕР-ЭПИДЕМИОЛОГЫ:

Клиникалық жағдайлары ол жөтел, температура көп жағдайда. Арасында іш өту болып жатыр. 1 жасқа дейінгі балалар көп түсуде. Оның негізі себебі ковид-19-бен ауырған ата-анасымен қарым-қатынаста болуына байланысты көп тіркелуде.

М. Тоқтасынқызы