Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырауда балабақшаға у шашып жүр ме?

AstanaTV
13.09.2021ж. 20:00
2646
Атырауда балабақшаға у шашып жүр ме?

«Атырауда балабақшаға у шашып жүр». Әлеуметтік желіде  тараған тағы бір бейнежазба  жұрттың зәресін ұшырды. Онда Жылыой ауданындағы  «Әсем» балабақшасында арнайы киім киген бөгде адамның   бірдеңе шашып жүргені көрінеді.

Бұл видеоны  ата-аналардың бірі түсіріп алған. Айтуынша, үйінде ауырып жатқан баласының киімін алып кету үшін бақшаға келген кезде осы жағдайға  куә болған.  Мектепке дейінгі мекеменің шаруашылық меңгерушісі де залалсыздандыру маманының ғимаратқа кіргенінен хабарсыз көрінеді. Ал білім басқармасының мәліметінше,  ғимарат ішінде дезинфекция жұмыстары  масаға қарсы  жүргізілген.  Балалар ол уақытта   аулада  болды дейді.

Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Дизсервис» компаниясы келісім-шартқа сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді атқарып жатыр. Бұл жерде балаларға зақым тиетін, немесе қызметкерлердің қандай да бір улану фактілері болған жоқ. Тек дизенфекция жұмыстары ендігі басталар кезде ата-ана сол жағдайға куә болып, «осы білім беру ұйымын улап жатыр» деген ақпарат таратып жіберді қате.

Б. Надірқызы