Елімізде биоқауіпсіздікті күшейту керек! Президент биылғы жолдауында осындай тапсырма берді. Денсаулық сақтау министрі Цой биоқауіпсіздікті қамтамасыз ететін Ұлттық жүйені құруға кірісіп кетті. Тіпті, оған 4,7 миллиард теңге бөлінген айтты. Сонымен, қаржы ол қайда жұмсалады? Лаура Қуанышқызы рет-ретімен.
Уханьдағы зертхананы тексеруге әбден құмартқан АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп 2019 жылы коронавирус қолдан жасалған қастандық деп Қытайды ашық айыптаған еді.
Дональд ТРАМП, АҚШ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТІ:
Елімізге бұл сұмдық Қытайдан келді. Оны басында бірден тоқтату керек еді.Бірақ, тоқтатпады. Бірдеңе дұрыс болмады. Қабілетсіздіктен бе, әлде басқа себеп пе?! Ол себепті анықтаймыз.
Ковид-19 аспанасты елінде қолдан жасалды дегенге көпшілік аса сенбейді. Ал біздің елде медициналық сараптама жасайтын зертханалардың дені халықаралық стандартқа сай келмейді. Кемінде 12 зертхана жоғары технологиялық құралдармен жабдықталуы тиіс. Сонда ғана сараптама орталықтарының 90%-ы халықаралық талапқа сай жұмыс істейтін болады, деді Президент.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құрылуы тиіс. Бұл шара тиісті заң жобасында қарастырылған. Парламенттен осы заң жобасын қазіргі сессияның соңына дейін қабылдауды сұраймын.
Бұл мақсатқа денсаулық сақтау министрлігі 4,7 миллиард теңге жұмсамақ. Ал қарапайым халық биоқауіпсіздікті денсаулықпен, екпемен әлі шатастырады. Тіпті, кейбіреулер оның не екенінен де бейхабар.
БЛИЦ:
- Білмеймін.
- Білмейм, білмейм.
- Білмейміз.
- Білмеймін.
- Держимся, это же для здоровья.
Сарапшылардың сөзінше, биоқауіпсіздік алдымен инфекциялық аурулардың таралмауы, дерттердің табиғи ошақтарын қоздырмауға, зертханалардан қауіпті заттардың шықпауына, тіпті көші-қон кезіндегі вирустың таралмауы үшін аса қажет.
Галина КОВАЛЕВА, ЭПИДЕМИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША БАС ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:
Биоқауіпсіздік Ұлттық және халықаралық стандарттарды ескере отырып, потогендерді өңдеу мен сақтауды қоса алғанда, зертханалық қауіпсіздікті реттейді. Ал қауіпті патогендермен жұмыс жасау зертхана үшін қауіпті процесс. Сондай-ақ, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін деректерді тіркеудің бірыңғай, интеграцияланған ақпараттық жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы ковид құтырып тұрған сәтте биоқауіпсіздікті күшейтуді тапсырды. Бірақ, ауқымды шаруа соңына жете ме, әлде әдеттегідей, қаражат жырым-жырым боп кете ме, беймәлім. Ал, ғалымдар ақша сапалы қондырғылар, инфекциялық, паразитарлық инфекциялардың диагностикасын жүргізуге, жалпы зертханалардың қуат-қажырын арттыруға жұмсалады, деп отыр.
Зият ӘБДЕЛ, М.АЙҚЫМБАЕВ АТЫНДАҒЫ АСА ҚАУІПТІ АУРУЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Оның ішінде Масғұт Әкімбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына 3,4 миллиард теңге, Ұлттық сараптама орталықтарына 1,2 миллиард теңге, қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының зертханаларына 122 миллион теңге бөлінеді. Масғұт Әкімбаев атындағы Ұлттық ғылыми орталығының базасындағы халықаралық талаптарына сәйкес иммундық-биологиялық препараттарды шығаратын кешенді құрылысы жоспарлануда.
Ғалымдардың сөзінше, еліміз үшін биоқауіпсіздікті дамыту ерекше маңызды. Себебі, әлемдік қақтығыстардан қорғанып, елге түрлі эпидемия мен аурудың келуінен барынша сақтануымыз керек, дейді.
Л. Қуанышқызы