$462.36 €493.48 ₽5.99
×

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына кәсіпкерлер келді

AstanaTV
23.08.2017ж. 20:00
1981
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына кәсіпкерлер келді

Бүгін «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына келген азаматтарды Ивестиция және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев қабылдады. Кәсіпкерлер түрлі мәселелерін арқалай келген.

Солардың бірі - Бақыт Әлімқұлов. Шымкенттен арнайы келген кәсіпкер әріптестерімен қуаты 100 мегаватт болатын күн электр стансасын салуды көздеп отыр. Қажетті 150 миллион долларды Қытай тарапы бөлмек. Кәсіпкер, жаңа электр стансасы барлық оңтүстік аймақты қамтып қана қоймай, қуат көзін экспорттауға болады, деп отыр. Кәсіпкерге көмек көрсетілетін болды. Ал қоғамдық қабылдауға өзге де жобаларды іске асыру үшін үкіметтен қандай жеңілдіктер болатынын сұрай келген.

Бақыт Әлімқұлов, кәсіпорынның коммерциялық директоры:

Жылына 50 мегаваттқа фотоэлектр панельдерін шығаратын зауыт соққалы отырмыз. Және электромобильдер. Екеуінің құны - 50 миллион доллар. Осы үш жобаға не көмектеріңіз бар заң аясында, соны тікелей өзіңізбен сөйлесейік деп келдік.

"Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдауы министрлік мамандарымен мұндай кездесуді апта сайын өткізеді. 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах