Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Батысқазақстандық шаруалар субсидия ала алмай жүр

AstanaTV
15.09.2021ж. 20:00
1778
Батысқазақстандық шаруалар субсидия ала алмай жүр

Батысқазақстандық шаруалар субсидия ала алмай жүр.  Демеуақы уақытылы төленбеген соң, олар  шаруашылыққа қажетті техника сатып алуды да, мал басын көбейтуді де тоқтатып қойған. Несиені де уақытылы төлей алмай отыр. Тіпті мал азығын дайындауға да мүмкіндік жоқ дейді олар.  Әбден ашынған кәсіпкерлер  қыстан малды қалай алып шығарын білмей басы қатып отыр.   

Әділхан БӨКЕНОВ, КӘСІПКЕР:

Мына көршілес Ақтөбе облысында аналыққа берілетін малдың субсидиясы уақытылы беріледі де, мынадай ешқандай телеарналарды шақырып, әуреленудің керегі жоқ. Оларда мал азығы былтыр да берілді, кейін де беріліп жатыр. Уже алып алды бәрі. Ал біздерде мал азығы түгілі мал сатып алған бір субсидияны бере алмай отырған жайы бар.


Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінше, шаруаларға 5 миллиард теңгеден астам субсидия төленуі тиіс. Бірақ осы  қаржының жартысы ғана төленіпті. Ал қалған ақшаның қашан берілері белгісіз. Шенеуніктер мұны демеуақы төлеудің тәртібі өзгергендігімен түсіндіреді. Бұрын жергілікті әкімдік арқылы шешілетін мәселеге биылдан бастап, әділет департаменті араласыпты.

Жасұлан ХАЛИУЛЛИН, БҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біздер үнемі облыстағы әділет департаментіндегі әріптестерімізбен хабарласып отырамыз. Жоба қаралуда. Бүгін таңертеңнен бастап, келісімдеу жұмыстары жылжи бастады деп отыр. Біз базадан көріп отырмыз: сол бүгін-ертең келісілетін болса, сол жұмыстар әрі қарай кезең-кезеңімен жүргізіле береді.

Е. Карин