Елордада көпқабатты тұрғын үйлер жылу маусымына дайын. Қала басшылығы мен оған қарасты энергетикалық коммуналдық мекемелер жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарының 93 пайыз аяқталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Елорда іргесіндегі ауылдар табиғи газ желісіне қосылған. 5 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынның игілігін көреді.
Биыл қала іргесіндегі Көктал 1, Көктал 2 және Агроқалашық, ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНЫЙ аудандары толығымен газдандырылды. Бұл аймақка 400 шақырым құбыр жүргізілген. Егер ауа райы күрт суытса, мамандар жылу беруге әзір.
Қазір Юго-восток, Промышленный, Күйген жар, интернациональный, және Мичурино аудандарында да газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жыл аяғына дейін тағы 14 мың абонент табиғи газ желісіне қосылуға мумкіндік алады.
Мақсат ЕСМАҒҰЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Мәслихатпен бекітілген ережеге сәйкес бізде жылуды егер далада 5 күн бойы +10 градус деңгейінде орта тәуліктік температура сақталса, және одан төмен ол кезде Нұрсултан қаласы әкімдігімен жылуды беру бойынша шешім қабылданатын болады.
Газдандыру жұмыстарын 2023 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған. Жоба 3 кезеңнен тұрады. Оның 1-ші кезеңі бітті, қазір 2-ші кезеңнің жұмыстары жүріп жатыр. Дегенмен, бас қалаға жақын орналасқан, бірақ Ақмола облысына қарайтын Қосшы, Ильинка, Қоянды елдімекендерінің тұрғындары әлі бір жыл пеш жағады. Халық бірақ көмірден тапшылық көрмейді дейді мамандар. Елордада қатты отынның бағасы-13 мың теңге.
Мақсат ЕСМАҒҰЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Әрбір тупикте қандай көмір бар екенін, оның запастағы және де қандай бағаға сатып алуға болатынынын әрбір тұрғын 109 нөміріне звондап біле алады. Яғни, ыстық және горячая линия құрылған. Сол линияда әкімдік барлық ақпаратты жаңартып беріп отырады.
Қала бойынша көмір сататын 12 орын бар. Қазір ол қоймаларда отын жеткілікті.
Д. Жарқынбек