«Ел үшін егілемін». Коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі азаматтық штаб мүшелері Ақмола облысына барды. Індеттің қаупі күннен күнге жоғарылап бар жатқанына алаңдаған топ, одан құтқаратын жалғыз жол - вакцина екенін тағы да еске салды. Үгіт-насихатшылардың қатарында министрлік өкілдерінен бөлек, білікті дәрігерлер де бар.
Қазақстанда COVID-19-ға қарсы екпенің қос компонентін салдырғандар 60 пайыздан асты. Дегенмен, бұл жеткіліксіз дейді, жауаптылар. Сондай-ақ, препараттар туралы жалған ақпарат таратып, сенім білдірмейтіндер де азаймай тұр. Осы мақсатта «Ел үшін егілемін» штабы жұмысқа белсене кіріскен. Топ мүшелері осыған дейін 4 өңірді аралады. Жоспар бойынша екпенің тиімділігін түсіндіру жұмыстары барлық облыстар мен аудандарда жүргізіледі. Бүгін Ақмола облысындағы сапар аяқталды.
Ержан БАЙТАНАЕВ, ҚР ДСМ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Ақмола облысында кешелі бері қоғам қайраткерлерімен кездесіп, жұмыс орындарына барып "вакцинаны салдырмаймын" деген азаматтардың әрбірімен жеке тілдесіп, олардың ойын өзгертуге талпынып жатырмыз. Сонымен бірге, шынын айтқан кезде үлкен нәтижелер бар.
Штаб мүшелерінің қатарында: қоғам белсенділері, заңгер және білікті медицина мамандары бар. Солардың бірі - репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор Вячеслав Локшин.
Вячеслав ЛОКШИН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ МЕДИЦИНА ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ПРОФЕССОР:
Бір сөзбен 2 компонентті де салдыру керек. Ол бірінші дозадан кейін араға 2-3 апта салған соң егеді. Бұл өте маңызды. Бір компонентті алу жеткіліксіз, антидене дұрыс қалыптаспайды. Бұл аралықта өкінішке қарай, сіз вирус жұқтыруыңыз әбден мүмкін. Ал, толық иммундалған соң өзіңізге сенімді боласыз. Десе де, одан кейінде санитарлық талаптарды сақтау маңызды.
Эпидахуалды бағалау матрицасы бойынша кейбір өңірлер әлі "қызыл" аймақта. Ақмола облысы да қауіпті белдеуде тұр. Аймақта тәулігіне 200-ден аса адамнан коронавирус анықталып жатыр. Ал, жалпы екпе алуы тиіс тұрғандардың 60 пайызға жуығы вакцина салдырған. Денсаулық сақтау мамандары қалыпты өмірге оралу үшін екпенің маңызы зор, дейді.
А. Данияр