$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің кейбір бөлігі ақылы болады

AstanaTV
20.09.2021ж. 20:00
1183
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің кейбір бөлігі ақылы болады

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің кейбір бөлігі енді ақылы болады. Бірақ көлік жүргізушілері оған әлі ерте дейді. Себебі,   жол сапасы талапқа  сай емес. Ал «ҚазАвтоЖол»   ұлттық компаниясының мәліметінше, бұл учаскелер барлық қажетті құралдармен жабдықталған. 1-қазаннан бастап тест режимінде жұмыс істей бастайды.   

Ақылы жолдардың сапасын  жұмыс тобы тексеріп жатыр.  Сапа талапқа сай болса ғана жол ақылы болады дейді мамандар.  

Самат ХУСАЙНОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК АҚ ЖОФ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қайнар ауылымен Тараз қаласына кіре беріс жерлерде болады. Яғни, 239 шақырымынан бастап, 476 шақырымына шейін ақылы жол болады. Сонымен қатар Түркістан обласына қарай бұл 535 және 593 шақырым аралығындағы жолдар ақылы болып саналады. Барлығы 295 шақырым. Ақылы жолдарда 8 арка орнатылған.

Халық  жол бойында жүргізушілерге де,    жолаушыларға да жағдай жасалуы керек.  Демалыс алаңдары, тұрақтар, қонақ үй, супермаркет, дәретхана мен дәріханалар болуы қажет  дейді. Айтуларынша, қазір оның бірі де жоқ, жолдың өзі -ойдым-ойдым.

БЛИЦ:

- Ақылы болуға әлі ерте сияқты. Үйткені жолдар бір жерлерді қазып жатыр.  

- Қай жерде мост бар сол жердің барлығы бүлінген. Сапаға сай емес негізі жол. 25 жылға гарантия берілген 25 жылға емес 3 жылдан кейін жолдың бәрі бүлінді. Қалай ақылы қылады жолды мен түсінбеймін.  

- Мына жерде мысалы қазір кіргенімізге 100 теңге төйлейсің, шыққаныңа 200 төйлейсің жолға төйлесең сонда нең қалады. Машинаның запчасті у-дай, дөңгелек у-дай, бәрі у-дай.


Елімізде дәл қазір 4 бағыт бойынша жол ақылы.    Жалпы ұзындығы 680 шақырым жолдан  былтыр 5,7 млрд теңге табыс түскен.  Ал биыл 2,3 миллиард теңге жиналған.  Бірнеше ай бұрын алыс жолға жүк көлігін айдайтын жүргізушілер  жолдар сапалы болсын,  интернет жүргізіп, сосын ғана  ақша талап етсін деп наразалық білдірді. Жамбылдықтардың да айтары сол.  

Республикалық маңызды жолдарды былай қойғанда, облыстағы ішкі көшелер де әлі толық жөнделмеген дейді олар. Ал құзырлы орын өкілдері барлығы  рет-ретімен қалыпқа келтіріліп жатқанын айтады.

Мұрат САУРЫҚОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Обл маңызы бар жолдардың ішінде 15 жоба іске асырылып жатса. Оның ішінде 11 келесі жылға өтпелі. Ал аудан мен елдімекен көшелерінің барлығы осы жылы пайдалануға тапсырылады.

Алдағы уақытта ақылы болады деген Қайнар-Тараз, Тараз-Шымкент тас жолдары да қазір жөнделіп жатыр. Бірақ  бір айда жұмыс біте ме, жоқ па, белгісіз.  

Б. Жұмабайұлы