$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Мемлекет басшысы Ақпарат және коммуникациялар министрі мен «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

AstanaTV
23.08.2017ж. 20:00
2433
Мемлекет басшысы Ақпарат және коммуникациялар министрі мен «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

"Самұрық-Қазына" жекешелендіруге шығарған нысандардың 60 пайызы сатылды. Бүгін президент алдында 7 айлық жұмысты қорытындылаған Ұлттық қор төрағасы Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Қазір еншілес компанияларда трансформациялаудың 130-ға жуық жобасы енгізіліп жатыр. Жалпы, қордың жағдайы тұрақты, - деді Өмірзақ Шөкеев.

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:

Көзделген 215 нысанның 60%-ы жекешелендірілді. Бүгінде ірі нысандарды шығарып жатырмыз.

Жаһандық бәсекелестік артқан тұста экономиканы ауқымды түрде цифрландырудан Қазақстан да қалмауы керек. Мұны президент Ақпарат және коммуникация министрімен кездесуінде айтты. Сондықтан барлық мемлекеттік органдар үйлесімді жұмыс істеуі керек. Министр мемлекет басшысына жаңа бағдарламада көзделген төрт басым бағыт жөнінде айтты.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

Қазір біз барлық талқылаудан өттік. 4 бағытты қамтиды. Ол инфрақұрылымды дамыту, адам капиталын жақсарту, экономика салаларын цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру.

  

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах