Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елбасы Н.Назарбаев Сума Чакрабартимен кездесті

AstanaTV
21.09.2021ж. 20:00
1191
Елбасы Н.Назарбаев Сума Чакрабартимен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті. Бұл туралы Elbasy.kz.  хабарлайды. Кездесуде тараптар пандемия жағдайындағы әлем экономикасының одан әрі дамуы жолдарына қатысты пікір алысты. Елбасы әлемде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы жаңа дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін екенін айтты.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Бүгінде пандемия салдарынан күрделі кезең қалыптасып отыр. Осылай жалғаса берсе, жаңа дағдарыстар туындауы ықтимал. Қазірдің өзінде қарыз дағдарысы пайда болды, инфляция дағдарысы белең алып, энергия ресурстары арзандайды деген болжам бар.


Әңгіме барысында тараптар өңірдегі экономикалық жағдайдың даму болжамдарын, сондай-ақ сын-қатерлердің алдын алу шараларын әзірлеу мәселелерін талқылады.

З. Санай