Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтөбеде көпірді кеңейту үшін 700 ағашты сүріп тастамақшы

AstanaTV
22.09.2021ж. 20:00
1645
Ақтөбеде көпірді кеңейту үшін 700 ағашты сүріп тастамақшы

Ақтөбеде Ақжар елді мекеніндегі көпірді кеңейту үшін 700 ағаш кесілуі мүмкін. Жергілікті қоғам белсенділері бұған қарсы. Табиғат жанашырлары онсыз да шаңға батып отырған қала енді құмның астында қала ма деп алаңдайды. Әкімдік өкілдері болса алған бетінен қатйар емес. Тараптарды тындап келген әріптесім тақырыпты тарқатады.  

Елдімекендегі көпір төрт жолақты болып кеңейтілсе, айналасындағы 700 ағаш оталады. Оның ішінде үйеңкі, теректерден бөлек, "Қызыл кітапқа" енген жүз шақты қызылағаш бар. Бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдау өткізілгенімен, қоғам белсенділерінің сөзіне ешкім құлақ аспағанға ұқсайды.    

Александр МАНДРЫКИН, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
 
Бұл процесті тоқтата алмаймыз. Көпір шынында да керек шығар. Бірақ, өзен-көлдер маңында көпір салу кезінде бүлінген табиғатты қалпына келтіруді ескеру керек. Әріге бармай, осы көпірдің маңындағы 700 метр жерге қайтадан ағаш егуге болады ғой. Оны ешкім істеп жатқан жоқ!


Көпір жобалаушылар кесілетін ағаштардың санын есептеп қойған, бірақ орман шаруашылығымен ешкім ақылдаспаған. Мұндағылар көпір жобасын көрген жоқпыз дейді. Сәйкесінше, ағаштарды отауға келісім берілмеген. Бірден 700 ағаш кесілсе, табиғатқа орасан зор нұқсан келеді, дейді орман қорықшысы.

Еркетай НҰРТАЗИН, АҚТӨБЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Мына ағаштарды кесіп тастаса, су азаяды. Су ақпай кеуіп қалады. Өйткені, ағаш суды жер астынан тартады. Ағаш көбейген сайын, су көбейеді. Неге су аз, ағаш болмағасын.

Қазір Ақжар көпіріне апаратын жолдың құрылысы басталып кетті. Көпірдің өзі қашан кеңейтілетіні  белгісіз. Өйткені, ол тек жоба ғана. Облыстық автомобиль жолдары басқармасындағылар әзірге орман қорындағы ағаштарды түгендеп болған.

Рүстем ТӨРЕҒАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Жобалаушы мекемемен жүргізілген түгендеу жұмыстарына сәйкес, сол 700 ағаштың 550-і кесілуге жатады. Шамамен 150 ағаш қайта отырғызылады.

Орман шаруашылығы иелігіндегі ағаштарды кесуге заңмен тыйым салынғандықтан, әкімдіктегілер көпір айналасындағы жердің қаланың балансына ауысқанын күтіп отыр.

Г. Сейтенова