Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағандыда Ұлттық Ұлан сарбазы тіркемеге қыстырылып мерт болды

AstanaTV
23.08.2017ж. 20:00
4811
Қарағандыда Ұлттық Ұлан сарбазы тіркемеге қыстырылып мерт болды

Қарағандыда қатардағы жауынгер қаза тапты. 5451 әскери бөлімінің сарбазы әскери техника мен тіркеменің ортасына қыстырылып қалған. 22 жастағы жауынгер Тимур Перметов арнайы көлікті тексеру кезінде ауыр соққы алған.

Бұл туралы бүгін 5451 әскери бөлімінің басшылығы мәлімдеді. Оқыс оқиға бүгін таңертең болған. Бұл кезде 5451 бөлімінде әскери техниканың атысқа дайындығын тексеру шарасы өтіп жатқан. Ал жауынгер «Урал» көлігінің жүргізушісі Тимур Перменов арнайы машинаның тежегішін тоқтатып болған соң, оны тіркемесінен ажыратпақ болыпты. Алайда, тіркеме сырғып кетіп, сарбаз екі ортада қалып қойған. Соққының ауырлығы сонша, шұғыл жәрдем көрсетілгенмен, ол ес жимастан көз жұмды. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс басталды.

Тимур Перменов - Шымкент қаласының тумасы. Әскери борышын былтырғы жылдың желтоқсанынан бері өтеп келген. Командирлер оны жауапты, қайсар жауынгер ретінде бағалайтындарын айтты.

Қанат Дос, ҚР Ұлттық Ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 5451 әскери бөлімі баспасөз қызметінің бастығы:

Негізгі автокөліктен тележканы ажырату кезінде тежегішті соңына дейін бұрамаған. Осының нәтижесінде жаңағы тежегіш ылдидан төмен сырғып, екі машинаның ортасында қыстырылып қалып отыр. Кінәлі, кінәлі емес екендігін құзырлы орындар анықтайды.