Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Хромтаудағы шахта жарылысына жұмыс беруші кінәлі

AstanaTV
24.09.2021ж. 20:00
1648
Хромтаудағы шахта жарылысына жұмыс беруші кінәлі

Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы шахта жарылысында болған кісі өліміне жұмыс беруші кінәлі. Оқиғаны тергеп-тексерген еңбек инспекциясы осындай қорытынды жасады. Қайғылы жағдайдың екі себебі анықталып отыр. Шахтада жарылыс жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаған және еңбек қауіпсіздігі ережелері өрескел бұзылған. Құжаттар полиция департаментіне жолданды.  

Талғат ИСКАРИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жер астында жұмыс жүргізіп жатқанда жарылыстар алдында дабыл соғады. Сол дабыл соққан уақытта әлсіз болған. Бәріне бірдей жете бермеген. Нақты зардап шеккен адамдарды сұрағанда дұрыс естілген жоқ дейді. Оның ішінде адамдар бар екенін, жұмыс істеп жатқанын көз жеткізбей, анықтамай, жарылысты жүргізген.

Естеріңізге салайық, осы жылдың 16-шы тамызында Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты шахтада қайғылы жағдай орын алды. Ұңғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан екі жұмысшы жарылыс толқынының астында қалып, біреуі сол жерде көз жұмған болатын.

Г. Сейтенова