Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ақмола облысында шетелден әкелінген астықтың 50 түрі тәжірбиеден өтіп жатыр

AstanaTV
24.09.2021ж. 20:00
1058
Ақмола облысында шетелден әкелінген астықтың 50 түрі тәжірбиеден өтіп жатыр

Ақмола облысында астықтың 50 түрі тәжірбиеден өткізіліп жатыр. Ресей, Германия, АҚШ-тан әкелінген  сұрыптардың арасынан, ыстыққа да, суыққа да төзімдісін таңдамақ. Осылайше егін көлемін арттырмақшы. Өйткені биыл жаңбырдың аз болуынан өнім айтарлықтай болмады. Қазір егістік алқабында астық жинау жұмыстары аяқталған.

Биыл күннің қатты ыстық болғанына қарамастан, Запорожье -Агро серіктестігі 44 мыңнан астам гектар жерден 6 центнер астық жинаған. Бұл жаман көрсеткіш емес дейді олар. Айтуларынша ғылыми мекемелермен бірігіп, тұқымның жаңа 50 түріне тәжірибе жасаған. Сұрыптарды шетелдерден арнайы әкепті. Солтүстіктің климаты мен  топырағыда ескерілген көрінеді. Ыстыққа да төзімді, құрғаққа да шыдамды сұрыптарды таңдап алсақ, келешекте астықтан тапшылық көрмейміз,- дейді мамандар.

Бақыт ИРМУЛАТОВ, "ЗАПОРОЖЬЕ-АГРО" ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
 
Күннің ыстықтығы да биік болды көлемінен. Сол себепті мұндай жағдайда қиын болды. Оған қарамастан егінді өсіріп, жинап алдық. Былай айтсақ, 6 центнер өнім алдық. Соның бәрін жинап, қоймаға салып, ендігі жылы егетін тұқымдарымызды жинап алдық. Солардың барлығына енді қазір тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Серіктестік алдағы жылы жаңа сұрыптар арқылы өнім көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Шамамен 10 центнер жинау жоспарда бар. Сондай-ақ, заманауи жаңа қондырғылар мен техника алуды да ойластырып қойған. Оның тілін білетін тәжірбиелі мамандарды, өзге аймақтардан шақыртып, жұмысшыларын оқытпақшы.

Бақыт ИРМУЛАТОВ, "ЗАПОРОЖЬЕ-АГРО" ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Жалғыз ғана егістікпен ғана айналыспай, әлеуметтік көмек жөнінде де жұмыстарымыз бар. Сол себептен өзіміздің жұмысшыларға жем-шөптерін дайындап беріп жатырмыз, қолдан келгенше. Сол әлгі арпасынан, зерноотходы солардың барлығынана үйлеріне дейін апарып береміз.

Запорожье -Агро ертеде құрылған. Бүгінде бұл салада тәжірбиесі мол. Мұнда қазір жаздық бидай, арпа, сұлы егіледі. Шаруашылық басшылығы тұқым шаруашылығын қолға алу арқылы, егін көлемін арттырсақ деп отыр.  

Д. Жарқынбек