Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президент азық-түлік бағасына қатысты пікір білдірді

AstanaTV
24.09.2021ж. 20:00
1646
Президент азық-түлік бағасына қатысты пікір білдірді

Азық-түлік бағасына қатысты жүйелі шаралар қажет. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңестің отырысында осыны айтты. Президент жедел шаралар мен бағаны бақылау нарықтық экономиканың негізгі принциптерін алмастыра алмайтынын атап өтті. Сондықтан ұлттық тарату жүйесін қалыптастыру бұл жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады деді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Көтерме дистрибьюторлық орталықтардың өзі де, жеткізудің жүйелілігін қамтамасыз ететін стандарттау жөніндегі қызметі де өндірушілер арасындағы, оның ішінде шағын орталықтар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі элементтерінің біріне айналуы тиіс. Бұл әсіресе ауылдық жерде тұратын меншікті қосалқы жері бар адамдар үшін маңызды. Бүгінде олар экономикалық айналымға нашар қатысады, олар өз өнімдерін даладан сатуға мәжбүр. Қажет емес делдалдарды жою.