Павлодарда жұмыссыз жастар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Шараға «Jas Otan» жастар қанатының облыстық филиалы ұйытқы болды. Оған өңірдің аудан қалаларынан барлығы 12 команда қатысып, бақ сынады. Қатысушылар жұмыс іздеп жүрген жастардан құралған. Жарыс оларды ынталандыруға әрі салауатты өмір салтын ұстануға бағытталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйлық тарту етілді. Сайыс қорытындысы бойынша Павлодар ауданының «Сұңқар» командасы жеңімпаз деп танылып, 300 мың теңгені қанжығаларына байлады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 600 мың теңгені құрады.
Санира ЖҮСІПОВА, «JAS OTAN» ЖҚ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:
Бұл «Дүйсенбілік турнир» жалғасын табады. Жыл сайын болады. Әрине біз спорт басқармасымен бірлесе отырып, өткізетін боламыз. Сыйақысы мүм кін көтеріледі. Бүгін көріп отырмын бірінші рет өткізіліп жатыр турнир. Республика деңгейінде өткізіліп жатыр.
Ринат КЕРЕБАЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:
Жалпы осындай бір үлкен іс-шара өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Біздің осы ұйымдастырушыларға алғысымды айтам. Осындай жарыстар көп болып отырса, спортты насихаттауға жақсы бір мүмкіншілік береді.
Ө. Қуанар