Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шымкентте ресейлік танымал жұлдыздың концерті өтпей қалды

AstanaTV
27.09.2021ж. 20:00
1304
Шымкентте ресейлік танымал жұлдыздың концерті өтпей қалды

Шымкентте ресейлік танымал  әнші Joniдің концерті өтпей қалды. Сахна жұлдызының өнерін тамашалауды армандап келген  мыңдаған көрермен енді билет ақысын қайтаруды талап етіп жүр. Жоспарланған шара  мегаполистегі жеңіл атлетика манежінде өтуі керек болған. Керермендердің бірі түсірген мына бейне жазбада залда кем дегенде мың адамның бары айтылады. Автордың сөзінше, концерттің басталмай жатып кенеттен тоқтатылуына залдағы карантин талаптарының сақталмауы себеп болған.  

Кешкі сағат жетіде басталуы тиіс концертті көпшілік тоғызға дейін күткен. Себебі, әнші өзінің кешігетінін хабарлаған. Алайда, сахнада бір де бір ән  шырқалмады деп ренжиді жиналғандар. Концертке әлеуметтік желіде көрсетілген хабарлама арқылы билет сатып алғандардың бірі - Кристина Черва. Айтуынша, кері шегініп, маска кию керектігі көпшілікке екі –үш рет ескертілген. Егер бес минутта талап орындалмаса әнші сахнадан түсетінін айтыпты.

Кристина ЧЕРВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Адам көп дейтін болса неге билет сатуды тоқтатпаған? Түсініксіз. Әу баста залға қанша адам сиятыны белгілі еді ғой. Ешкім келіп дұрыстап түсірдірмеді. Сахнада тұрып Жонидің өзі ғана : Біз сахнаны босатамыз, келесі жолы келеміз. Өмір мұнымен тоқтап қалмайды. Көңіл-күйлеріңізді түсірмеңіздер деді де түсіп кетті. Қатты өкіндім. Бар жұмысымды тастап, ұлымды алып келген едім. Қалада ауқымды шаралар болып жатпағандықтан көңілімді көтеріп қайтқым келген.

Ал концертті ұйымдастырушылардың өздерімен тілдесу мүмкін болмады. Дегенмен,  көрермендерге  билеттердің ақысы жіберілген есеп шоттарына кері қайтарылатыны туралы хабарлама жіберілген.  Белгілі болғанындай, Нұр-Сұлтан қаласындағы жоспарлы концерт те дәл осындай себеппен өткізілмепті.

Аталған екі қала бойынша билет алғандардың ақшалары міндетті түрде қайтарылады. Дәл осы сұрақпен алаңдамасаңыздар болады. Үлкен өтініш сабырлылық сақтасаңыздар. Бізге ешқандай дерек көз қажет емес. Ақша аударылған есеп шотқа 20 тәулік ішінде кері түседі.  

А. Төребекқызы