Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Елбасы Күләш Шамшидинованы қабылдады

AstanaTV
27.09.2021ж. 20:00
1077
Елбасы Күләш Шамшидинованы қабылдады

Елбасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шамшидинованы қабылдады. Кездесу барысында Тұңғыш Президентке еліміздегі алдыңғы қатарлы зияткерлік мектептердің қазіргі жағдайы мен даму жоспары баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев 2008 жылдан бері табиғи-математикалық бағытта 20-дан астам зияткерлік білім ордасының құрылғанын тілге тиек етті. Бұл әсіресе, жағдайы төмен отбасы балалары үшін әлеуметтік маңызға ие болғанын айтты. Назарбаев зияткерлік мектептерін осы уақытқа дейін   14 жарым мыңнан астам бала бітірген.

А. Данияр