Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елордада "Ұлы дала аңыздары" комикстерінің тұсаукесері өтті

AstanaTV
28.09.2021ж. 20:00
2483
Елордада "Ұлы дала аңыздары" комикстерінің тұсаукесері өтті

Елордада "Ұлы дала аңыздары" комикстерінің тұсаукесері өтті. Шараны Нұрсұлтан Назарбаев қоры  жанындағы мемлекеттік  тілді дамыту қоры ұйымдастырған. Кезекті комикстер жинағы қазақ халқының аңыздары мен хикаяларының желісі негізінде әзірленген.  Олар "Махаббат туралы жеті хикая" және "Қазақ жерінің ұлы батырлары" деп аталады. Жауаптылардың айтуынша жобаның мақсаты- өскелең ұрпақтың назарын комикстер арқылы  қазақ халқының мәдени мұрасына аудару, халықтың шығармашылық игілігін сақтауға  үйрету.

Азат ШӘУЕЕВ, Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ҚОРЫ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


Лиро-эпостық жырлар, Алпамыс батыр 80-90 бет бірнеше. Соны оқып, қысқаша мазмұнын әзірлейді де, қазақ тілінде қарапайым тілмен жастарымызға түсінікті болу үшін. Оны орыс тіліне, ағылшын тіліне аударамыз. Оны өзіміздің жас қазақтың художник ұл-қыздары, суретшілері оны мазмұнын оқып отырып, әдемілеп, әсемдеп сурет салады. Соны біз комикс кітапша ретінде шығарып отырмыз.

Комикстер кітапханалар мен сауда орындарына беріледі.  Сұраныс артса, басылымда көбейтеміз дейді жауаптылар.   Идея авторының айтуынша,  келесі топтама "Ұлы дала аруларына" арналады.

Б. Сатуов