Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Түркістанда ТүркПА-ның X пленарлық отырысы өтті

AstanaTV
28.09.2021ж. 20:00
1028
Түркістанда ТүркПА-ның X пленарлық отырысы өтті

Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының мерейтойлық X пленарлық отырысының қатысушыларына құттықтау хат жолдады. Тұңғыш Президент түркі әлемінің рухани астанасында парламентшілердің мерейтойлық кездесуін өткізудің маңыздылығына тоқталып, ортақ тілге, мәдениет пен дәстүрге негізделген бауырлас халықтар арасындағы ерекше байланысты атап өтті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев бұл басқосу тараптардың өзара достығы мен ықпалдастығын  одан әрі нығайта түсетініне сенім білдірді.  Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин отырыс   қорытынды бойынша  қабылданған Түркістан декларациясы Түркітілдес мемлекеттердің парламенттік Ассамблеясының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың теңдессіз жоғары рөлін бағалап, тарихи үлесін ерекше көрсетті деп атап өтті.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Киелі Түркістан жерінде ТүркПА төрағалығы Қазақстанға өтті. Енді мүше елдеріміздің барлық сала бойынша ынтымақтастығын нығайту, ұйымның халықаралық мәртебесін күшейту, түркі елдер бірлігін тереңдету - осының барлығы алдағы бір жылдың ішінде біздің жұмыстарымыздың ең маңызды бағыттары болады.


Б. Сатуов