Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Елордада "Nur Otan" партиясы мен Жазушылар одағы меморандумға қол қойды

Елордада "Nur Otan" партиясы мен Жазушылар одағы меморандумға қол қойды

Елордада "Nur Otan" партиясы мен Жазушылар одағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Маңызды құжат аясында қолға алынған алғашқы шара да өз бастауын алды. Ол - еліміздің мәдениеті мен өнерін дамыту арналған "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауы.   

Жиында партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек екі ұйымның негізгі мақсаттары бір екенін айтты. Шара барысында қабылданған екі жақты меморандумға, Елбасы қойған міндеттерді бірлесе жүзеге асыру жоспарларына тоқталды.  

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Кезінде Елбасы тапсырма беріп ұлттық құндылықтарды дәріптеу аясында біз ұлттық спорт түрлеріне көп көңіл бөлдік. Мәдениет, әдебиет біз үшін өте маңызды. Сондықтан, бүгінгі іс-шараның маңызы осында. Құқықтық базасын жасап бүгін өзара ынтымақтастықта осы меморандумға қол қоямыз. Енді партия тарапынан сіздер жазушылар одағы тарапынан қол қойсақ әрине, оны міндетті түрде 100 пайыз орындаймыз.


Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет те мұндай байқаулардың «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» таланттарды танытуға үлкен септігін тигізетінін жеткізді.  

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, АҚЫН:

30 жылдың біздің жеткен жетістіктеріміз, іркілістеріміз, жемістеріміз бен жеңістеріміз, қандай биіктерге шыққанымыз. Соның бәрі цифрларда сайрап жатқанымен оларды шығармашылық адамдарының жүрегінің доннасында қорытып, образға орап, көркем тілмен бейнелеп халыққа көркем шығарма ретінде ұсынып жатса, ол шынын айтқанда ұрпақтардың жүрегінде мәңгілік қалатыны сөзсіз.


Байқау «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Көркем фильм мен телесериал сценарийі», «Балаларға арналған шығарма» атты бес номинация бойынша өткізіледі. Барлық бағыт бойынша орындар белгіленген. Жүлде қоры: 500 мың мен 1 миллион теңге шамасында.

Байқауға 18-ден 40 жасқа дейінгі қазақстандықтар қатыса алады.

Әлібек АСҚАР, "ҰЛЫ ДАЛА" БАЙҚАУЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ЖАЗУШЫ:

Жастарға көмек осындай конкурс, бәйге жариялап солардың бір таланттарын табатын іштен. Сол 100 шығарманың ішінен  1-2 талантты шығарма тапсақ осының өзі үлкен жетістік болады.

«Nur Otan» партиясы жанындағы Республикалық «Miras» қоғамдық кеңесінің төрағасы, ақын Жанарбек Әшімжан партияның сайлауалды бағдарламасындағы руханият пен мәдениетке тиісті назар аударылып, біршама жобалар жүзеге асқанын айтты.
 
Жандарбек ӘШІМЖАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Жазушылар одағының бүгінгі меморандумы біздің саяси-рухани өміріміздегі тағы да айтып өткім келеді. Әсіресе, жастарымыздың әлеуметтік мәселесі бар, рухани бағыттан қолдау бар, қорғау бар. Бұл біздің Тәуелсіздік дәуірінде қалыптасқан тұлғаларымызға үлкен импульс болатын, үлкен қолдау болатын дүние.

Еске сала кетейік, «Ұлы дала» байқауы 2019 жылы өткізіліп, оған 700-ден астам шығарма ұсынылған  болатын. Тек соңғы бір жарым жылда коронавирус пандемиясының салдарынан  байқау тоқтап қалды. Жұмыстар 1 қазан мен 30 қараша аралығында қабылданады. Олар аikyn.kz сайтында «Ұлы Дала» айдарымен жарияланады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

А. Данияр